«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары
1 Нұсқа
1. Педагогикадағы табиғи эксперимент:
A) Оқу-тәрбие процесін бұзбай зерттеу гипотезасын тексеру.
B) Зерттеу гипотезасын арнайы лабораториялық жағдайда тексеру.
C) Гипотезасын жалпы тексеру.
D) Педагогикалық процестің жүру жағдайына өзгеріс енгізу арқылы зерттеу гипотезасын тексеру.
E) Қалыптасқан педагогикалық процесті тексеру.
2. Педагогика ғылымының зерттеу пәні:
A) Жеке тұлғаның даму процесі.
B) Білім беру жүйесі.
C) Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған педагог іс-әрекеті.
D) Педагог тұлғасы.
E) Педагогикалық процесс.
3. Педагогика ғылымының негізгі категориялары:
А) Педагог, тәрбиеленуші, мектеп.
В) Тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс.
С) Дамыту, қалыптастыру.
D) Оқыту процесі, тәрбиелеу процесі.
E) Оқу, сабақ беру.
4. Оқушылардың шығармаларын, творчестволық, практикалық жұмыстарын және т.б. зерттеушінің талдауы:
A) Бақылау.
B) Эксперимент.
C) Іс-әрекет өнімдерін зерттеу.
D) Сауал-сұрақ әдісі.
E) Мектеп құжаттарын тексеру.
5. Адамзат дәуірінің әр даму кезеңдеріндегі тәрбие және білім беру теориясы мен практикасын зерттейтін педагогика ғылымымының саласы:
A) Салыстырмалы педагогика.
B) Әлеуметтік педагогика.
C) Педагогика тарихы.
D) Коррекциялық педагогика.
E) Жалпы педагогика.
6. Жалпы педагогика бөлімдері:
А) Педагогикалық психология, таным теориясы.
В) Жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану.
С) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика.
D) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, үлкендер педагогикасы.
E) Логопедия, сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика.
7. Психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларды оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын педагогика саласы:
A) Валеология.
B) Салыстырмалы педагогика.
C) Олигофрено педагогика.
D) Әлеуметтік педагогика.
E) Этнопедагогика.
8. Әр елдердің білім беру жүйелерінің қызметтерін және дамуын зерттейтін педагогика ғылымы саласы:
A) Салыстырмалы педагогика.
B) Этнопедагогика.
C) Педагогика тарихы.
D) Логопедия.
E) Мектеп педагогикасы.
9. Педагогика ғылымының пайда болу себебі:
A) Ғылыми-техникалық прогресс.
B) Адамды өмірге дайындау қажеттілігі.
C) Тәрбие маңызының артуы.
D) Тәрбие мақсатының өзгеруі.
E) Білім беру мазмұнының өзгеруі
10. Ғылым ретінде педагогиканың негізін қалаған:
A) Сократ.
B) А.С.Макаренко.
C) Ж.Ж.Руссо.
D) Я.А.Коменский.
E) Д.Локк.
11. Тұлға дамуы – бұл:
A) Адамның дене, психикалық және рухани сипаттамаларының сандық және сапалық өзгерістері.
B) Адам организміндегі сандық өзгерістер.
C) Білімдер, іскерліктер және творчестволық іс-әрекеттер әдістерін игеру.
D) Тәрбие ықпалымен жеке адамның әлеуметтік қасиеттерге ие болуы.
E) Ескінің жоғалуы, жаңаның пайда болуы.
12. Оқушы қабілеттерін дамыту:
A) Табиғи нышандардан тәуелді.
B) Игерген білімдер, іскерліктер көлемінен тәуелді.
C) Оқыған кітаптар санынан тәуелді.
D) Құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынасқа түсуінен тәуелді.
E) Оқу-тәрбие процесін мақсатты ұйымдастырудан және іске асырудан тәуелді.
13. Тұлға дамуында қоршаған ортаны шешуші фактор деп қарастыратындар:
A) Бихевиористер.
B) Прагматиктер.
C) Әлеуметтік бағыт өкілдері.
D) Биологиялық бағыт өкідері.
E) Экзистенциалистер.
14. Тұлға – бұл:
A) Жеке адам.
B) Саналы және ойлай білетін адам.
C) Бір адамды екінші адамнан айыратын ерекшелік.
D) Оның әлеуметтік мәнін көрсететін қасиеттер жиынтығы.
E) Тірі организмің дамуының ең жоғары деңгейі.
15 ҚР «Білім туралы» заңы қашан қабылданды:
A) 1995ж.
B) 1996ж.
C) 2000ж.
D) 2003.
E) 2007ж.
16. Тәрбиенің жалпы мақсаты:
A) Азамат тәрбиелеу.
B) Отбасын тәрбиелеу.
C) Еңбекші адамды тәрбиелеу.
D) Жан-жақты, гармониялы дамыған тұлғаны қалыптастыру.
E) Белсенді тұлға тәрбиелеу.
17. Өмір сүру және іс-әрекет барысында тұлғаның биологиялық және рухани өсуі:
A) Тәрбие.
B) Қалыптасу.
C) Даму.
D) Білім беру.
E) Оқыту.
18. Тұлға дамуының қандай факторы мақсатты және ол қоғам мақсатына сәйкес әсер етеді:
A) Тұқымқуалаушылық.
B) Географиялық орта.
C) Отбасы.
D) Тәрбие.
E) Мектептегі орта.
19. Педагогика ғылымында тәрбиенің әртүрлі анықтамаларының болуы:
A) Педагогика ғылымындағы тәрбие проблемасының шешілгендігінің айғағы.
B) Әртүрлі анықтамаларының болуы педагогиканың дамыған ғылым екенін көрсетеді.
C) Ғылыми түсінікті күнделікті өмірлік түсініктен айыру үшін.
D) Тәрбиенің көп аспектілігінен туындайды.
E) Оқыту мен тәрбиенің бірлігін көрсетеді.
20. Жасөспірімнің дене, ішінара психикалық жедел дамуы:
A) Әлеуметтену.
B) Акселерация.
C) Индивидуализация.
D) Өзін-өзі тәрбиелеу.
E) Өзін -өзі иландыру.
21. Бала организмінің күрт өсуі және дамуы, жыныстық жетілуі қандай кезеңде жүреді:
A) Сәбилік.
B) Жеткіншек.
C) Мектеп жасына дейінгі.
D) Мектеп жасынан кейінгі.
E) Бастауыш сынып жасында.
22. Педагогика методологиясы:
A) Педагогикалық теорияның құрылымы және негіздері, ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың принциптері, формалары және әдістері туралы оқу.
B) Зерттеу міндеттерін шешу жолдарын көрсетеді.
C) Зерттеушінің зерттелетін құбылысқа деген көзқарасы.
D) Зерттерлетін педагогикалық құбылыстың объективті қасиеттерін көрсететін заңдылықтар.
E) Іс-әрекеттке қойылатын талап, негізгі ереже.
23. Зерттелетін объект туралы нақты деректер алу үшін қолданылатын педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдау:
A) Сауал-сұрақ әдісі.
B) Эксперимент.
C) Әңгімелесу әдісі.
D) Интервью алу.
E) Бақылау әдісі.
24. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі ретіндегі бақылау:
A) Жақсы жұмыс істегендерді мадақтау мақсатымен сенбілік кезінде сынып оқушыларын бақылау.
B) Бақылау жұмысын орындау барысында мұғалімнің оқушылар тәртібін бақылауы.
C) Алдын-ала анықталған мақсатпен белгілі бір схема бойынша оқушылардың іс-әрекетін бақылау, деректерді тіркеу және өңдеу.
D) Оқушылар мен педагогтің тәжірибе алаңында өсімдіктің өсуін бақылаулары.
E) Статистикалық мәліметтер алу мақсатында жүргізілетін зерттеулер
25. Басқа жағдайда жүретін тәжірибемен немесе бақылаушы объектімен салыстырылатын, педагогикалық процесті өңдеп, ғылыми қойылған тәжірибе:
A) Бақылау.
B) Эксперимент.
C) Тәжірибені зерттеу.
D) Педагогикалық процесс.
E) Экспертиза.
Достарыңызбен бөлісу: |