Педагогика тарихы №4 Орта ғасырлардағы тәрбие және мектеп және педагогикалық ойлар



бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі1,48 Mb.
#138431
1   2   3

Көп жағдайда оқу үрдiсi:

  • құранды оқуға,
  • жазу мен есеп-шотқа машықтандырумен бiрге
  • араб тiлi мен грамматикасын,
  • әдебиетiн оқытуға да бiрсыпыра уақыт бөлiнетiн болды.
  • мешiттер жанында
  • үйде немесе
  • тапшанда ұйымдастырылды

Шәкiрттер аптасына алты күн оқып, жұма күнi жұма намазға қатысқан.
Сейсенбi мен сәрсенбi күндерi ертеңгiлiк мезгiлде өткен сабақтарын қайталаған.
Ал, сабақтан тыс мейрамды күндерi, оқушылардың мектепке келетiн мезгiлiн
мұғалiмнiң өзi белгiлеп отырған.
Оқыту әдiстерiнiң негiзi – оқу және дiни мәтiндерiн жаттау, сонымен бiрге
мұғалiмнiң дауыстап оқығанын жазып алу болатын.
Оқушылардың танымдық қызметiн дамытудың жолдарын көрсеткен Араб
философиясының негiзiн қалаған Әбу Юсуп Якуббен Исхан Кинди (шамамен 800-879 ж.ж.) Әр түрлi бiлiм салаларынан 200-ден астам шығармалар жазған, олардың
iшiнде педагогикалық мәселелер де қарастырылған. Ақылды дамыту iлiмi төрт
түрге, яғни өзектi ойлау, шама-шарықты ойлау, қысқа ойлау және айқындала
бастаған ақыл-ойлар деп бөлінген.
Киндидiң дәлелдеуiнше, ғылым дiннен жоғары тұрғандықтан, балаларды тәрбиелеу үрдiсiнде бiлiм, өмiрге зор сенiмдiлiкпен қарауға, яғни жоғары интеллектiнi қалыптастыруға талпындыруы керек. Өйткенi жоғары бiлiмдiлiк адамды адамгершiлiк тұрғыдан өзiн-өзi жетiлдiруге, өз iс-әрекеттерiн басқара бiлуге үйретедi. Адамның алдына қойған мақсатын орындау, еңбектiң нәтижесiн көрудегi басты құрал – ақыл-ой парасаттылығы деп санаған. Кейiнiрек, оның айтқан ақыл-ойды дамыту идеясы Еуропа философы Р.Бэконның теориясында (ХIIIғ.) дамытылады

Мектептегi бiлiм сапасын көтеруге зиялы қауымдар қатыстырылды

  • Соның бiрi IХ ғ. араб жазушысы Мұхаммед Ибн Сухнун (817-880 ж.ж.) бастауыш мектепке арнап ''Мұғалiмдердiң мiнез-құлқы'' деген шығарма жазды. Оның педагогикалық ойының мәнi – мұғалiм ешқашанда ашу шақырмай, ауқатты және кедей отбасы балаларына бiрдей қарап, қарым-қатынас жасауы қажет деп мiндеттейдi. Баланың жеке даралық ерекшелiктерiне байланысты жазалау әдiсiн қолдануға болады. Бiрақ, денесiн дүрелеу немесе жан дүниесiне тиетiндей қатал сөздер айтуды өте сирек пайдалану керектiгi, шапалақтаудың өзiн де үштен асырмауды талап еткен. Әсiресе, он жастағы баланы жазалау болмасын, ескерту, кейiс бiлдiру қажет, ал бала тәртiп бұза берген жағдайда, оны оқытып жүрген жасы үлкен оқушыға тәртiпке шақыру тапсырылған.
  • Халифаттық мектеп практикасында оқушыны жазалаумен қатар мадақтау тәрбие әдiсi де пайдаланылған. Ең тәртiптi, өте жақсы оқитын оқушыны атқа мiнгiзiп, қаланы аралатқан, ал қатар-құрбылары оның үстiне тәттi шашу шашқан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет