Педагогикалыќ баєдарламалыќ Ќамтылу (ПБЌ)


Түзу сызықтар және фигураларды сызу



бет32/65
Дата13.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#25397
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65
Байланысты:
лекциялар

Түзу сызықтар және фигураларды сызу үшін MacroMedia Flash бағдарламасында Line Tool (Сызық) батырмасы қолданылады.

MacroMedia Flash бағдарламасында қарындашпен түзу және қисық сызықтар сызуға болады. Ол үшін құрал–саймандар тақтасынан - Рencil Tool (Карандаш) батырмасын қолданамыз. Егер сурет салу барысында Shift батырмасын бірге бассақ салынған сегмент тінтуір бағытына байланысты тік немесе көлденең орналасады.



Құрал–саймандар тақтасындағы , , батырмаларының қасиеттерін бөлімінен кейін шығатын терезеде өз қалауымызша өзгертуге болады.

MacroMedia Flash бағдарламасында Brush Tool (Кисть) батырмасының көмегімен түспен боялған аймақтарды салуға болады. Батырманың режимдері:




қарапайым режим;

боялған аймақ түсін өзгерту режимі (сызықтар мен бос аймаққа әсер етпейді);

сахнаның бос аймағын бояйтын режим;

ерекшеленген аймақты ғана бояйтын режим;

ішкі бояу режимі;

MacroMedia Flash бағдарламасында Рaint Bucket Tool (Құю) батырмасы тұйықталған аймақ түстерін анықтайды. Құю жолдары:


бір түсті құю;

сызықты градиентті құю;

радиалды градиентті құю;

нүктелі құю.

MacroMedia Flash бағдарламасында Ink Boottle Tool (Сия сауыт) батырмасы фигураның немесе қандай да бір облыстың түсін, қалыңдық дәрежесін және шекара стилін анықтайды.

MacroMedia Flash бағдарламасында Eyedroррer Tool (Пипетка) батырмасы бір объектінің құю және жиектеу әсерлерін екінші бір объектіге көшіру барысында қолданылады.

Macromedia Flash MX бағдарламасында үш түрлі мәтінді ұйымдастыруға болады:

1)Static Text – статикалық мәтін;

2)Dynamic Text – динамикалық мәтін;

3)Input Text – толтырылатын мәтін.



Мәтінмен жұмыс жасау үшін мәзірлер тақтасындағы «Text» мәзірін шертеміз немесе құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын басамыз. Қажетті мәтінді құжатқа жазамыз. «Properties» бөлімінен немесе «Text» мәзірін басқан кезде шығатын командаларды қолдана отырып енгізілген мәтіннің қасиеттерін өз қалауымызша өзгертуімізге болады (12-сурет).

12-сурет.Мәтінді форматтау бөлімі.


Енгізілген мәтінді ерекшелеп алғаннан соң әрбір әріпті жеке объект ретінде қарастыруға болады. Ол үшін «ModifyBreak Apart» командасын орындаймыз немесе «Ctrl+B» пернелер комбинациясын басамыз.

Әріптерге құю (заливка) жұмысын орындаған тек қана түстерді емес, қандай да бір объектіні қолдануға болады. Ол үшін әріпті ерекшелеп аламызда «Color Mixer» терезесінен «Bitmap» қасиетін таңдаймыз. Төменде ашылған сұхбатты терезеден қалаған бейнені тінтуір нұсқағышымен нұсқасақ болды.



Әріптерге қандай да анимациялық әсерлер беруге болады. Ол үшін ең алдымен әріптерді жеке объект ретінде бөліп аламыз да түр-түсін өз қалауымызша өзгертіп аламыз. Қажетті әріптерді «InsertConvert to Symbol...» командасы немесе «F8» батырмасы көмегімен символға айналдырамыз (13-сурет).

13-сурет.Символға айналдыру терезесі.


Шыққан символдарды қатпарларға бөлеміз, ол үшін объектілерді ерекшелеп аламыз да, жанама мәзірден «Distribute to Layers» командасын орындаймыз (14-сурет).

14-сурет. Символдарды қатпарларға бөлу терезесі.


Осы команда орындалғаннан соң монтаждау үстелінде құрылған символдар пайда болады.

Әріптерге анимациялық әсер қосу үшін қажетті кадрды ерекшелеп алып, жанама мәзірден «Insert KeyFrame» және «Create Motion Tween» командаларын орындаймыз. Енгізілген анимациялық әсерлерді көру үшін «ControlTest Movie» командасын орындаймыз немесе «Ctrl+Enter» пернелер комбинациясын басамыз.

Енгізілген мәтінге өз қалауымызша сүзгілеу (фильтр) амалдарын қолдануға болады. Ол үшін қасиеттер бөлімінен «Filters» (Фильтр) бөлімшесін ашып алып, қажетті фильтр қасиетін таңдап аламыз.

Мәтінді ерекшелеп алғаннан соң «ModifyBreak Aрart» (МодифицироватьРазделить) командасы көмегімен әрбір әріптерді жеке қарастыруға болады. «Color Mixer» панелінің көмегімен «Bitmaр» (нүктелік) құюды қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет