Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


«Педагог-сарапшы» біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер (осы тармақтың бесінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда) қатысады



бет12/17
Дата01.11.2022
өлшемі73,69 Kb.
#46698
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

«Педагог-сарапшы» біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер (осы тармақтың бесінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда) қатысады:


  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;

  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;

  • ағылшын тілін С1 (сефр (CEFR) шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;

  • жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;

  • білім беру ұйымдарына өндірістен (білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау бейініне сәйкес келетін ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар), бейінді ұйымдардан педагогикалық жұмысқа ауысқан, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;

  • бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;

  • бейіні бойынша ең жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері;

  • аудандық/қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;

  • Уорлд скилс (WorldSkills) облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;

  • Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;

  • облыс, ел телевидениесінде трансляциялауға енгізілген бейне-, теле сабақтар дайындаған адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет