Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен



бет2/6
Дата01.03.2023
өлшемі41,29 Kb.
#70949
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ttt

Мектеп директоры Қ. Қ. Абдрахманова
Хатшы М. М. Ниязова

Педагогтерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен
шарттарына 31-қосымша

Педагогикалық кеңес отырысының хаттамасынан үзінді


Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектеп

2023 ж. "22" ақпан


Төрағасы – Әбдазиева Гүлзат


Хатшы – Сайлыбаева Айгерім


Қатысқандар:


Күн тәртібі:


Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы
Тыңдалды:
«Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканы сақтау мәселесі бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) үміткер педагог (педагогтер) туралы қысқаша ақпарат.
Рақымжанова Жауһар Кішкенбайқызы -адалдығы білімалушыларды оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуінде және олардың ата-аналарының, әріптестерінің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігі мол. Бодыкова Салтанат өте әділді педагогтердің бірі. Әділдік педагогке білім алушылар мен тәрбиенушілердің,олардың ата аналарының әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады.
2019 жыл - Құрмет грамотасы, Еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі және білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін құрмет грамотасы берілді, Қызылорда облысының білім басқармасы
2019 жыл- Диплом, «Мұрагер» мектебінің 100 жылдық мерей тойына орай арналған әйел мұғалімдері арасында өткізілген волейбол жарасында ІІІ орын иеленгендері үшін диплом берілді, Қызылорда қаласының білім бөлімі
2020 жыл - Құрмет грамотасы, Білім саласының дамуына үлес қосып, ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен және өзінің әдістемелік педагогикалық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін құрмет грамотасы берілді, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы
2021 жыл - Алғыс, Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын және Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс берілді, Қызылорда қаласының әкімі
2021 жыл - Алғыс хат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын ұйымдастыру мен өткізу кезінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге қосқан үлесіңіз және қоғамдағы белсенді қызметіңіз, азаматтық ұстанымыңыз, атқарған қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс хат берілді, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы
2022 жыл - Алғыс, Жас өркеннің рухын биіктетіп, біліммен қаруландырып, әлемдік бәсекеге қосу жолындағы адал қызметіңізді бағалай отырып және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаныңыз үшін алғыс берілді, Қызылорда облысының білім басқармасы
2022 жыл- Алғыс хат, «Үздіксіз кәсіби даму: мұғалімнің пәндік-әдістемелік дайындығының теориясы және инновациялық тәжірибесі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда үздік баяндама жасағаны үшін алғыс хат берілді, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
2022 жыл - Құрмет грамотасы, Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегі және білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасы берілді, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы
2022 жыл – Диплом, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, әнші, компазитор Шөкенов Батырхан Камалұлын еске алу құрметіне арналған жалпы білім беретін мектеп ұстаздары (әйелдер) арасында өткен «Волейбол» жарысында ІІ орын иеленгендері үшін диплом берілді, Қызылорда қаласының білім бөлімі
2022 жыл - Алғыс, Педагогикалық қызмет жолында заманауи оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, шығармашылыққа баулуда еселі еңбегі үшін алғыс берілді, Қызылорда облысының білім басқармасы
2022 жыл - Диплом, «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы және заманауи білім беру мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысып, үздік баяндама оқығаны үшін диплом берілді, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
2022 жыл - Құрмет грамотасы, Педагогика саласының дамуына Өздігінше үлес қосып, шығармашылық жетістіктерге жету арқылы педагогтық шеберлігін шыңдап, Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегінің тұтқасын ұстаушы, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін құрмет грамотасы берілді, «Зейін» ұлттық біліктілікті арттыру және қайта даярлау ғылыми әдістемелік даму институты.
2019 жыл - Анықтама, Оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде қазылар алқасының мүшесі болғаны үшін анықтама берілді, Қызылорда облысының білім басқармасы
2019 жыл - Сертификат, Жаңартылған білім беру мазмұндағы 11 сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді педагогикалық қауымға таныстыру және талқылау» тақырыбында ұйымдастырылған әдістемелік семинарда жұмысшы топтың құрамында жұмыс жасағаны үшін сертификат берілді, Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда облыстық оқу орталығы
2020 жыл - Сертификат, «Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар бағдарламасын нәтижелі аяқтағаны үшін сертификат берілді, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
2022 жыл - Сертификат, «Жаңашыл ұстаз- сапалы сабақ, зейінді оқушы - жарқын болашақ кепілі» облыстық семинарда «Халқымыздың салт-дәстүрлі» тақырыбында ашық сабақ көрсеткені үшін сертификат берілді, Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда облыстық оқу орталығы.
Рақымжанова Жауһар өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің,олардың ата-аналарының, әріптестерінің абыройы мен қадір қасиетін құрметтейді және қарым-қатынас жасауда әдепті болады. Ол баланың дамуын шынымен қадағалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп,білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының өсуіне ықпал ету мақсатында білім алушының жетістіктерін бағалауда сыпайылықты қамтамасыз етеді.
Шешім: Рақымжанова Жауһар педагог-зерттеуші біліктілік санатына лайықты деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет