ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық факультеті
Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы
Пәні: Экология және тұрақты даму №6 Дәріс
Тақырыбы: Тұрақты даму тұжырымдамасы
“Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуз және Форестер еңбектері (өсу шектері, 1972).
БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972).
Рио-де-Жанейрода (1992) және Йоханнесбургте (2002) өткен Дүниежүзілік саммиттер. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг қаласы, Дания, 1994).
Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор (өркениет дами алатын дәліз шекаралары), экономикалық фактор (нарық жүйесін қайта құру),әлеуметтік фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография).
Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.
Тұрақты даму деңгейлері–жергілікті, аймақтық ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлері. Әр деңгейдегі тұрақты даму мүмкіншіліктерін анықтаушы факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық.
Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.
Қарастырылатын сұрақтар: Тұрақты даму деп қазіргі уақыттағы қажеттілікті қамтамасыз ететін дамуды айтады, алайда бұл даму болашақ ұрпақтың қажеттілігін қамтамасыз ету қасиетіне қауіп төндірмеуі тиіс. «Тұрақты» даму концепциясы 1987 жылы 200-ден аса мемлекет өкілдері ұсынған БҰҰ-ның Дүниежүзілік комиссиясының Докладында алғаш рет ұсынылды. 1992 жылы Рио-де-жанейрода өткен ҚО және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясында осы концепцияны XXI ғасырдағы біздің планетамыздағы барлық елдерде жүретін басшылық құжат ретінде бекітті.
Тұрақты даму деп аталатын дамудың жаңа үлгісіне көшу өзін-өзі сақтап қалу арықарай дамуға талпынатын әлемдік бірлестіктің табиғи әрекеті болып табылады.
Тұрақты даму деп аталатын дамудың жаңа үлгісіне көшу өзін-өзі сақтап қалу арықарай дамуға талпынатын әлемдік бірлестіктің табиғи әрекеті болып табылады.