Тіркеуші Офисі – білімалушыны келесі курсқа көшіруді жүзеге асырады. Мемлекеттік қорытынды аттестация оқушының білім бағдарламасының аяқтаушы кезеңі болып табылады және олардың кәсіби жағдайын анықтау мақсатында өткізіледі. Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ) белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алады және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды.
Бітіруші курста өткізілетін мемлекеттік қорытынды аттестацияға белгіленген кредиттер санын алған GPA (ҮОБ) және мамандық бойынша оқу жоспары толық көлемде орындағандар жіберіледі.
Мемлекеттік қорытынды аттестация мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сай мемлекеттік емтихан түрінде тапсырылады.
Мемлекеттік қорытынды аттестацияны өткізген бітірушіге мемлекеттік аттестациялық комиссияның (МАК) шешімімен бакалаврлық академиялық дәреже беріледі.
Университеттік дәреже беру үшін бітірушінің орташа балы (GPA) 3,75 кем болмауы қажет және мемлекеттік қорытынды аттестацияны А; А- бағаға тапсыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |