Сабақтың логикалық-психологиялық, дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасы.Сабақтың құры-лымдық бөліктерінің өзара әрекеті - ақиқат нәрсе. Оқыту үдерісі мұға-лім әрбір бөлікті жеке алғанда және оның сабақтың басқа бөліктерімен өзара әрекеттесу қызметінің бірлігін түсінгенде ғана тиімді болады. Жаңа білімдердің қалыптасуы тек бұрынғы бар білімдерге сүйенгенде, ал дағдылар мен іскерліктерді жаттықтыру жаңаны меңгергенде ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда олардың реті әр сабақта әр түрлі. Бұл жөнінде М.И. Махмутовтың еңбегінде толығымен айтылған. Сабақтың дидактикалық құрылымы бұрынғы материалды қайталауда емес, мұға-лімнің түсіндіруі немесе мәселелік жағдаят жасау, бұрынғы мәселе-лерді шешу болжамын ұсыну барысындажаңатүсінікті енгізуден бас-талуы мүмкін. Ұсынылған болжамды дәлелдеуде сабақтың басында алдыңғы сабакта оқылған білімді қолдануға қажет өзектендіру жүруі мүмкін. Аралас сабақты өткізудің реті - ұйымдастыру сәті, үй тап-сырмасын тексерту, өткен материалды оқушыдан сұрау, жаңа материалды оқып-үйрену, оны бекіту және үйге тапсырма берумен аяқталады.
Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру-дың топтық, дербес, фронтальды формалары.Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың жаппай түрі деп - мұғалім мен мен оқу-шылардың сыныптағы әрекетін, яғни оқушылардың бірдей тапсырма-ны барлығы бірге талдап, бірдей орындауы және қорытындыларын са-лыстыруын айтамыз. Мұғалім жұмысын бір уақытта барлық сыныппен жүргізеді, ол яғни оқушылармен тікелей байланыста болып, түсіндіру, көрсету, айту кезінде, оқушыларды осы тақырыпты қызықты етіп тал-қылауға баулиды. Осындай әдіс нәтижесінде мұғалім мен оқушылар арасында, оқушылар мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас-тар орнатуға мүмкіндік береді, балаларды ұжымшылдыққа тәрбие-лейді, оқушылар талдау мен пікір таластыру барысында сыныптастары-ның және өз қателерін түзеп үйренеді, бұл олардың әрекеттерінің бел-сенді болуына көмек береді.Оқытуды ұйымдастырудың жаппай фор-масы әртүрлі сұрақтарды көтеру, ақпараттық және түсіндірмелі шығар-ма, репродуктивті, шығармашылық тапсырмалар арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының жұмысқа деген белсенділігін көтеруге болады. Мұғалім тапсырмалар-ды әр оқушының дара мүмкіншіліктеріне қарай бөліп, оқушы мен мұ-ғалім арасында сыйластық қатынас орнатып, сыныпты біріктіре оты-рып табысқа жетуге баулу керек.
Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйым-дастырудың дара түрі.Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орың-дайды дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, шығарма жазу, мазмұндама, реферат, баяндама даяр-лау болуы мүмкін. Дара жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолда-нылады. Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрінің дара және дараланған екі жолы ерекшеленеді. Алғашқысы - жалпы сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі - оқушылардың оқу-танымдық әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып та-былады. Ол әрбір оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлы-ғына, оқу мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндік береді.