№ 7
дәріс
|
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Месопотомиядан шығысқа қарай жан-жағынан тау жоталарымен қоршалған кең-байтақ иран үстірті созылып жатыр, бұл жоталардың ішінен Иранды тигр мен евфрат бассейнінен бөліп жатқан, бұрын да бірнеше рет айтылып өткен Загрос тау жотасын ерекше айтуға болады. Солтүстігінде Эльбрус тау тізбегі каспий теңізінің оңтүстік жағалауларын алып жатса, солтүстік-шығысында Копет-Даг пен памир иран мен орта Азияның шекарасын құрап тұр.
Иран оңтүстігінде парсы шығанағы суы мен ұласып жатыр, шығанақ арқылы б.э. дейінгі ІІІ мың жылдықтың өзінде-ақ, оданда ертерек болуы мүмкін, Алдыңғы Азия Үндістанмен байланыс жасай бастаған. Дәл осы жолмен Қосөзенге Үндістанның көркем бұйымдары, ал кейінірек «ағашта өсетін жүн» жеткізіле бастаған. Үндістанмен, сондай-ақ Орта Азиямен және одан да қашығырақ елдермен иранның жерін басып өтетін құрлықтағы байланыс жолдары б.э. дейінгі І мың жылдықтың орта шеніне таман ғана тұрақты өтетін болады. Бірақ одан бұрын да одан бұрында азиялық материктің түкпір-түкпірінен кейбір материалдар қолдан қолға өту арқылы жерорта теңізі аймақтарына жетіп отырған. Алайда, бұл айырбастың тікелей және тұрақты жүзеге асырылуына толып жатқан кедергілер бар еді.
Неғұрлым солтүстік аймақтарда мұз дәуірінің аяқталуына байланысты жалпы өзгеру процессі, Шығыстың өзге елдеріндегі сияқты, Иранға да күшті ықпал етті. Орталық иранның елеулі бөлігі және Шығыс Иранның көптеген аймағы барған сайын далаларға, ал кей жерлері тіпті сусыз шөлдерге айнала бастады. Мұнда көшпелі мал шаруашылығы орын алды, әсіресе қос өркешті түйелер өсіру ерекше маңызға ие болады, бұлар б.э. дейінгі І мың жылдықта осы жерден Ассирияға да тарайды. Егіншілік Иранның шеткері аймақтарында, тау суларын жер суғаруға пайдалануға болатын жерлерде көбірек орын алды. Орта Азияның Ираннан айырмашылығы, онда ойпатты жерлер талай қашықтықққа созылып жатты. Иран өздерінде ежелден бері елеусіз және аз сулы болып келсе, Орта Азияны Сырдария мен Амудария сияқты мол сулы өзендер кесіп өтеін еді. Амударияның б.э. дейінгі І мың жылдықтың орта шеніне дейін аса мол сулы болғаны сондай, ол батыстағы Каспий теңізіне ағып баратын, бұл жөнінде осы күнгі Арал теңізіне құятын ұлы өзеннің бір кездердегі сағасы, қазір құрғап қалған Узбой арнасы дерек береді.
Тест тапсырмалары:
|
|
№ 8
дәріс
|
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Үндістанның орта ғасырлар кезінде тілі мен мәдениеті толық өзгерген Египеттен және Алдыңғы Азияның бірқатар елдерінен айырмасы, ол өткенінің барлығын ұмыттырып жіберетіндей күрт өзгерістерге ұшыраған жоқ. Санскрит тілінде жазылған және ауызекі сөйлеу тілінде туған шығармалар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, оқылып және айтылып отырды. «Арийлар жаулап алғаннан кейінгі» Үндістанның тарихы бізге негізінен поэтикалықшығармалар арқылы белгілі болып отыр. Алайда Үндістан мыңдаған жылдар бойында Европа үшін сыры мәлімсіздеу ел болып келді. Б. э. XVIII ғасырында Үндістанды Европалық отаршылдар басып алды. Оның ескерткіштерін зерттеу де осы кезден басталды. Ағылшын зерттеушісі У. Джонс үндінің ежелгі жазба ескерткіштерін санскриттен ағылшын тіліне аударды.
Ф. Бопп негізін қалаған үнді-европалық тіл білімі дамуына байланысты тіл мамандары Үндістандағы тілдерді шұғыл зерттеп игере бастады.
Ежелгі үнді әдебиетін зерттеуге орыс филологтары И. П. Минаев, К. А. Коссович және басқалары елеулі үлес қосты. Санскритте жазылған ескерткіштерді басып шығару, аудару және зерттеу Үндістанның өте ертедегі тарихымен танысу үшін жағдайлар туғызды.Алайда бұл елдің тарихи ерекшелігі дұрыс түсінуге буржуазиялық ғылымға тән бірқатар әдейі бұрмаланған көзқарастардың тууы кедергі жасады. Үнді-Иран тілдерінің европалық тілдермен сөзсіз байланыстылығы осы тілдерде сөйлейтін халықтарды жоғарғы нәсіл ретінде Үндістанның ежелгі тұрғындарына қарама-қарсы қоюға себеп болды. Сөйтіп, Батыс Европа мен АҚШ-тағы қазіргі нәсілшілер ежелгі және орта ғасырлық Үндістанның билеуші топтары арасында қалыптасқан қате қағиданы толық қабылданды. Бұлар үнді-иран тайпаларына қолданылған «арий» («асыл текті») деген «құрметті» атақты Европа халықтарына таңуы арқылы тіпті олардан да асып түсті. «Арий нәсілі» жөніндегі ғылымға жат және реакциялық теория осылайша пайда болды және дамытылды. Әсіресе оны көп уағыздаған – неміс нәсілшілерінің өкілі С. Х. Чемберлен еді.
Бұл мәселеде тілдің антропологиялық ерекшеліктермен әрқашан дәл келе бермеуі және бұл соңғысы мәдени деңгейді ешқандай да анықтай алмайтыны жөніндегі факті бұрмаланды. «Арийлік теорияға» жоғарыда айтылған, Пенджап пенСиндте жүргізілген қазба жұмыстары біржолата соққы берді.
|