Пәннің ОҚУ-Әдістемелік қҰралы



бет18/31
Дата08.06.2023
өлшемі420,19 Kb.
#99676
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Зертханалық жұмыс 3
Тақырыбы: Бейтараптану энтальпиясын анықтау.


Мақсаты: Әр түрлі құрамдағы жүйенің жылу сыйымдылығы, химиялық реакциялардың, физика-химиялық процестердің жылу эффектілерін өлшеу, жылу әсерінің күй параметрлеріне тәуелділігін анықтау.
Негізгі сұрақтар:

  1. Калориметр құрылысы

  2. Бекман термометрінің құрылысы

  3. Калориметр тұрақтысын анықтау

  4. Бейтараптану энтальпиясын анықтау.

Студент білуі қажет: Калориметр түрлерін, калориметрлік жүйенің жылулық мәнін анықтауды, жылу сыйымдылық жайлы түсінік, жылу түрлерін және оларды есептеу жолдарын.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жылу мен жұмыстың айырмашылығы қандай?

  2. Жылу сыйымдылығы дегеніміз не?

  3. Жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігі қандай формуламен өрнектеледі?

  4. Еру жылуы дегеніміз не?

  5. Бейтараптану жылуы дегеніміз не?

  6. Кристаллогидраттану жылуы дегеніміз не?

Өткізілу әдістемесі
Салмағы өлшенген калориметрлік стаканға 1 н 100 мл NаОН құйып, оған 600 мл су қосады. Таразымен ерітіндінің салмағын табады. Бейтараптайтын қышқылдың мөлшерін есептегенде сілті сәл ғана артылып қалуы керек. Осы шамадағы қышқылды пробиркада 0,01 дәлдікпен өлшеп, тығындап, калориметрге орналастырады. Тәжірибені жоғарыда айтылғандай жүргізеді. Дайындық кезеңі аяқталған соң, ақырын пробирканы алып, қышқылды калориметрлік сұйыққа ептеп кұяды. Тәжірибеден кейін, пробирканы шая тазартып, қайтадан салмағын өлшеп, екі айырмасы аркылы қышқыл мөлшерін табады.
Қышқылды сілтіге қосқан кезде үш түрлі құраушыдан тұратын жылу әсері болады, атап айтқанда: қышқылдың сілтіні бейтараптауы, сілтінің судағы еруі және қышқылдың сумен араласуы кезіңдегі энтальпиялардан.
Мұндағы екінші қосынды өте аз, өйткені сілті өте сұйық және оны ескермеуге болады. Үшінші, бейтараптау энтальпиясының бірнеше процентін құрауы мүмкін және оны есептеу қажет. Ол үшін калориметрлік стаканды өлшеп, оған 700 мл су құяды да кайта өлшейді. Пробиркада да осыңдай мөлшер қышқылды өлшеп, тура жоғарыдағыдай етіп қайталайды. Қышқылдың сумен сұйылу энтальпиясын, алғашқыда алынған қосынды жылу әсерінен шегеріп табады. Айырмасы бейтараптау энтальпиясын береді:

Алынған бейтараптау энтальпиясының зерттелетін қышқылдың бір грамына қатынасы бейтараптаудың меншікті энтальпиясын береді:

мұндағы - қышқыл салмағы, г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет