Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет10/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
Спартада құлдарды қатал қанауға негізделген мұнда үстем таптың балаларына әскеи тәрбие берді 7-18 жасқа дейін мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеледі. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шыдамды етіп үйрету, әндер айту, найзаласу, жүгіру, секіру ойындарын жүргізді, әскери әндер айтуға үйретті.
Ежелгі грек ғалымдары мен философтары еңбектеріндет тәрбие мен оқыту мәселелеріне ерекше мән берді.
Грек философы Платон (б.з.д. 427-347 ж.) белгілі грек философы, идеалисі, Сократтың шәкірті.
Оның айтуынша, тәрбие мемлекет тарапында ұйымдастырылуы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі, бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес келуі керек деді.
Платон философияда идеялар туралы іліммен белгілі. Оның пікірінше, тек идеялар нағын шындық ретінде өмір сүреді. Ол мәңгілік және өзгермейді. Бізді қоршаған заттар тек қана идеялардың әлсіз бейнеленуі, көлеңкесі болып табылады. Соныман қатар, ол өз пікірінде Афина және Спарта тәрбиесінің кейбір белгілерін біріктіру керек деді.
Оның пікірінше, тәрбие дегеніміз үлкендердің балаларға әсері, балаларда адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастыру, ол “оқу” ұғымына ғылымдарды оқып үйрену арқылы білімді меңгертуді жатқазыды, “шындық үшін ойлауды пайдалану да жанды ояту” деп түсінеді. “Кішкентай балалардың ішкі негізі, эмоциялар” болып табылады деді. Ол тәрбие құралы ретінде ойындарға, сонымен қатар әдеби шығармаларды, мифтерді, балаларға оқу және айтып беруге ерекше мән берді. Ол тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оны ұйымдастыруда “Мемлекет” және “Заңдар” сияқты трактаттарында қарастырды. Мемлекет атты еңбегінде балаларды кішкентай кезінен бастап қоғамдық тәрбие беру идеясын ұсынды. 3 жастан 6 жасқа дейін барлық бала мемлекет тағайындаған, тәрбиелеушілердің басшылығымен алаңдарда ойын ұцымдастыруға ерекше мән берді.
7-12 жасқа дейін балалар мемлекеттік мектепке барады, онда оқуды, жазуды, санауды, сөз өнерін және ән күйді үйренеді. 12-16 жастан дене тәрбиесімен жан жақты айналысқан мектепте –полестраға қатысады. Онда гимантиска жаттығуларымен айналысады.
16 жастан бастап, ғылымның негіздерін, арифметика, астрономия, практикалық мақсатта оқып үйренеді. 20 жастан бастап ақыл ой сабақтарына ешқандай қабілеттілік танытпаған жастар әскери қатарға алынады. Ал жастардың қабілеттері барлар 30 жасқа дейін философияны, арифметиканы, геометрияны, сөз теориясын оқып, үйренеді. Ол мемлекеттік қызметке тағайындалады. Ерекше дарындылары 32-50 жасқа дейін мемлекет басқару ісімен айналысады. Платонның тәрбие жүйесі дене тәрбиесіәмен шеттетуге негізделеді, құлдардың балаларына білім алуға тиым салынады. Ол мектепке дейінгі тәрбие, тәрбиенің бір ізді мемлекеттік жүйесі, жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу туралы талаптарын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет