Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


дәріс. Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. (2 сағ)



бет13/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
3 дәріс. Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. (2 сағ).


Жоспар:

  1. Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы.

  2. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының тәрбиелік маңызы мен мәні.

  3. Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы.

  4. Ибн-Сина ойшыл ғұлама - еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы.

  5. Әбу-Райхан әл Бирунидің тарихи-тәлімдік пікірлері

Негізгі ұғымдар: көне түркі жазулары, даналық тұжырымдар, өсиет, тәлімдік ойлар, жырлар, дастандар, қанатты сөздер, адамгершілік құныдылықтар, трактаттар, салт дәстүрлер, тәрбие, білім беру, этика, психология, поэзия, фольклор.

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қорқыт Ата, Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иссауи, Ахмет Иүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.




Әбу Насыр әл –Фараби (IX ғасыр) ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген, ғұлама ғалым, Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері – Отырат (Фараб) қаласы. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз», ұлы ғұлама ғалым.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінде алған. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктеме берген.
Әл-Фараби логика, саз, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазды. «Кемеңгерлік меруеті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету» сияқты көптеген еңбектер қалдырған. Фараби өзінің «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы» трактатында қала адамдарының жеке2 топтарына сипаттама берді. Ғұлама қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындарына талдау жасап, тұрмыс салтын, өмір сүру ерекшеліктерін, оларға тиісті құндылықтарды көрсетпекші болды. Адамдар2 бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болды; - дейді Фараби ізгілік бақыт туралы надан қала тұрғындарының білетіні байлыққа рахаттану, құмарлыққа ерік беру, мансап, сый-құрметке еліру болып табылады дейді. Ал «Азаматтық саясатта» ұжым туралы қайырымды қаламен қатар бұзылған қайырымсыз қала болатындығын ескертеді. Мұндай болмас үшін бірлесіп әрекет ету қажет дейді. Педагогикалық тұрғыдан адамдар арасындағы достық, қастық туралы ой-пікірлерінің маңызы ерекше:
1. Оның 1-і адал дос
2. айнымалы дос
Қастардың да 2 түрі болады.
1. Өшпендігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар;
2. Көре алмаушылықтан жауласқан адамдар.
Бұлардың бірінен сақтану керек екіншісі мен байыпты қарым-қатынас жасалған дұрыс. Ал бейтарап адамдардың адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды. Фараби нағыз ғалым принципшіл, құлық-сұмдықпен, өсек-аянмен ісі жоқ, жұртты алдап-арбуды білмейтін, ілтипатпен қарайтын, білімділігі өнегелі мінез-құлқымен безендеріліп тұрмаса болмайды, - дейді.
Мұғалімдік еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем немесе тым босаң болмауы керек. Мінезділік бақытты болудың шарты. Сондықтанда жанымен тәнін тәрбиелеуді бесігіннен бастаған абзал, - дейді.
Фарабидің ұғымында шәкірттерді тәрбиелеу үшін жете түсінетін, көреген-естігенін нәрселерін жадында сақтайтын, алғыр, аңғарынпаз, өткір сөз иесі, ойын анық жеткізе алатын, ішімдікке, құмарлыққа қанағатшыл, жаны асқақ ақшаға, жалған дүниеге жаны қас, әділетті жақтайтын болуы шарт –дейді.
Сонымен қатар, тәрбие мен білім беру, педагогика мен психология, этика ғылымдарының салаларына құнды пікірлер мен қағидалар айтқан. Әсіресе, жақсы мінез құлықты қалыптастыру және дағды мен әдетке ерекше мән берген.
Әл-Фараби тәрбиенің әдіс және тәсілдеріне сипаттама береді. Тәрбие әдістері мадақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру және т,б, тәлімгерлерден ерекше имандылық пен ізеттілікті талап етеді.
Оқыту – баланың тілін дамыту, білім беру, үйрету арқылы асатын болса, тәрбиелеуге-шәкірттердің бойындағы жағымды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратындығына тоқтала келіп, ғылым мен білімді және тәрбиені меңгерумен қатар, өзін өзі тәрбиелеу, ерік қайратты тәрбиелеуге мән береді.
әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары тураы айтқанда әртүрлі психологиялық тақырыптардағы, мысалы «Жан туралы», «Ақыл ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы», «Жанның мәні туралы», «Ақыл ой және ұғым» тағы басқа еңбектері күні бүгінге дейін өз маңызын жоғатқан жоқ.
Әл-Фарабидің тағылымдық –тәлімдік ойларының ішінде ерекше назар аударарлық мәселе – шешендік өнері туралы айтқан қағидалары. Шешендік өнеріне көз жеткізу дегеніміз адамның өзіне айтылғанды көкейюіне түю, сондай ақ оған ой жіберу арқылы адамға құлақ қою болып табылады.
Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық жүйесі Шығыстағы ілкі ортағасырлық мұсылмандықтың рухани мәдениет тарихында және бүкіл адамзат мәдениетінде ерекше орын алады. Әл-Фараби философиясы дүние тану мәселелерінде жан -жақты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет