Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет26/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Джон Локк 1632-1704 ағылшын. Еңбектері «Адам 1970 ақылы жөніндегі тәжірибе», «Тәрбие жөніндегі ойлар»-1693, Ақылды тәрбиелеу туралы. Бұл гувернанттық оқытуды пайдалану қажет деді. Бала таза тақта сияқты, не жазылса сол қалады деді. Дене тәрбиесін жақтады. Мықты, денеде мықты рух деді. Ол ерлікке табандылыққа әсер етеді деді. Адамгершілік тәрбиеде ұстамдылыққа, сақтыққа, әдептілікте ерекше мән берді. Мінез-құлықтағы мәдениетті жақтады. Адамгершілік тәрбиенің принциптерін
1. табиғатқа сәйкестілігі;
2. бала табиғатын жете зерттеу;
3. тәрбиедегі қаталдықты балаға сүйіспеншілікпен ұштастыру деп берді.
Ата-анамен баланың арасында шынайы туыстық болуын қалады. Ол үшін оның жолдары берілді.
1. үлгі-өнеге көрсету
2. әдеттену
3. балалармен пікір алысу
4. намыс, теріс ұғымдарға назар аудару
ХVІІ ғасырда қоғамдағы адамның тәрбиесіне байланысты тұжырымдамалар пайда болды. Олардың авторлары Джон Локк және Жан Жак Руссо еді. Бұл тұжырымдамалар бір бірінен принципті тұрғыда ерекшеленді. Олардың бірі «азаматты» тәрбиелеу отбасында жүзеге асады (Локк) десе, екіншісі Эмильді тәрбиелеу әлеуметтен тыс жалпылай жүреді (Руссо) деді. Бірақ, бұл екі тұжырымдаманы жалпы көзқарас біріктіреді – ол әрбір тұлғаға жеке тұрғыда қарым-қатынас жасап, оның мүмкіндіктері мен жеке қасиет сапаларын қабілеттерін қоршаған ортамен байланыстыра отырып, тәрбие арқылы дамыту.
ХVII ғасырда ағылшын елінде өндіріс төңкерісін әзірлеген буржуазиялық төңкеріс болды. Бұл төңкеріс феодалдық құрылысқа қарсы бағытталады да жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен буржуазиялық үстемдіктің орнай бастағандығын көрсетті. Бірақ, бұл төңкерістің ерекшелігі сол, ол буржуазиялық төңкерістің бастамасы еді, сондықтан ол іри бастаған феодалдық қоғамның негізінде дамыды. Ол кезде әлі ірі машиналы капиталистік өндіріс те, жұмысшы күші жоқ еді. Төңкеріс буржуазия мен феодалдардың арасындағы ымырамен аяқталды. ХVII ғасырдың ортасында, төңкеріс кең етек ала бастағанда, оған қарсы күштердің шабуылы басталды.
Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың саяси әлеуметтік, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер етті.
Джон Локк – буржуазиялық отбасында өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен, 1658 жылдан бастап жұмыс істейді. Ұстаздық жолды таңдап, тәрбиелеу мен оқыту жұмысына ден қойды.
Джон Локк – ағылшын философы және педагогы. Ол тәрбиенің психологиялық негізіне және адамгершіліктің қалыптасуына ерекше назар аударды. Ол баланың туа пайда болатын сапасын жоққа шығарды, баланы жазуға да, сызуға да болатын «Таза тақтаға» (tadula zasa) теңеп, оған тәрбиенің күшін пайдалану тиімді деді.
Локк адамға өмірдегі қажеттіліктер білім мен тәрбие арқылы игеріледі деген. Тәрбие – адамның адам болып қалыптасуындағы шешуші факторларының бірі. Себебі, он адамның үшеуі берілген тәрбиенің мазмұнына, әдіс-тәсілдерінің бағыттарына байланысты, яғни, «қандай тәрбие берілді нәтижесі де сондай болмақ». Мысалы: қайырымды немесе қатігез, пайдалы немесе болымсыз, т.б. Сонымен қатар, педагог былайша ескерту жасайды: біз олардың тумысынан болатын мінез-құлық қасиетін толық өзгертеміз деп есептемеуіміз керек, яғни, көңілді кісінің тұйық болуына, ал меланхоликті көңілшек бол деп үгіттей алмаймыз. Құдай әрбір адамның жанына арнайы мінез-құлық мөрін басқан, біз оның тек жағымсыз қасиеттерін түзете аламыз, бірақ тұтастай өзгертуге ұмтылу кері үдеріске әкелетінін естен шығармағанымыз жөн деген.
Өзінің педагогикалық тұжырымдамаларын Локк «Мысли о воспитании» деп аталатын трактатта баяндалған (1693 ж.). Педагогтың жаңашылдығы: тәрбиенің ғылыми-психологиялық негіздерін өңдеген алғашқы ғалым. Ол дене, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиелерінің бірлігін құрды. Адамды тұтастай жүйе ретінде қарастырды: тұтастық қажет және ол өмірлік іс-әрекетте көрінеді; адамға қоршаған орта кешенді түрде әсер етіп, оның тұлға болып қалыптасуына түрткі болады.
Бұл көзқарасты ол трактатының бастапқы бетінде былайша баяндайды: «Тәні саудың – жаны сау». Оның педагогикасында басшылық жасаушы ұстаным – утилитаризм. Тәрбие адамды өмірге дайындайды, соған сәйкес ол болашақ азаматты пайдалы білім мен дағдылармен қаруландыруы тиіс.
Сондай-ақ, Локк баланы тәрбиелеудің әдістері жайлы мәселелерді қарастырды. Баланың қоғамдағы жүріс-тұрысына тиімді әрі қарапайым түрі «Оларға мінез-құлық нормаларының жағымды жақтарын көрініспен көрсетіп, жағымсыз әдеттен арылу жолдарын айту» деп қорытындылады. Ол егер біз балаларды қайырымды, ақылды және талантты етіп көргіміз келсе, жазалау әдісінен және болымсыз мадақтаулардан алшақ болғанымыз жөн деп тұжырымдады. Бала бойына жастайынан объективтілікті танымды қалыптастыруды қазіргі күннің өзінде маңызды екендігін атап өтуге болады. Саналы әрі қамқор адамды қалыптастыру үшін баланы кішкентайынан өзінің еліктеушілік қасиеттеріне қарсы тұруына үйретіп, байлық пен сәнқойлыққа бой алдырмауды қадағалау қажет. Сана мен парыз адам психикасындағы басқарушы қасиет болғаны жөн. Осылайша, біз балалардың бойындағы жаман әдеттерін жөндеуге себепші боламыз. Тәрбиенің әдіс-тәсілдері балалардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілгені дұрыс: «... екі балаға бірдей қолданылатын бірде-бір әдіс жоқ» - деа жазды Локк. Тұлғаның жекелік ерекшеліктерін ұдайы ескертіп отыру, педагогтың ұстанар басты қағидасы болмақ. 3-7 жастағы баламен «ересек адам тәріздес» әңгімелесуге болмайды деді.
Балалармен жұмыс жасағанда жұмсақтылық пен төзімділік танытқан абзал. Педагогтың пікірінше, әлеуметтенудің негізгі субъектісі – отбасы. Бірақ, оның әлеуметтік-педагогикалық мәні тәрбиешілер мен мұғалімдер тарапынан өзгереді. Локк ата-ана – баланы тәрбиелейтін басты тұлғалар, пл, ұстаздар тек отбасындағы тәрбиенің кемшілігін түзетушілер деді. Локк бойынша, оқыту және тәрбиелеу бұл әлеуметтік дифференциалды үдеріс және ол тұлғаның қоғамдық адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болды. Әрбір сословия тәрбиесінің мақсаты, міндеті, өзінің ұйымдастыру түрі мен кестесі болады деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет