Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет74/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81
КЬЕЛЛ РУДЕСТАМ (1931 жылы туған)

82-83 бет Къелл Рудестам 1931жылы дуниеге келген, ғылым докторы Филдинг Graduate University психология мектебінде деканның оқу ici жөніндегі орынбасары болды., бұл жерде ол 24 жыл бойы факультетке және әкімшілікке қызмет emmi. Оған дейін ол Йорк, Торонто, Онтарио университеттерінде психология ғылымыныц докторы және Оксфордтагы Огайо штатындағы Майами университетінде психология ғылымының адъюнкт-профессоры болған. Психо¬логия саласы бойынша докторлық ғылыми дәрежесі Орегон штатындағы университетте алды. Сонымен қатар, ол Сан-Францисконың кәсіби психология мектебінің құрметті ғылым док¬торы болып табылады. Кьелл Рудестам Американдық психологиялық ассоциацияның Mүшieci, Kәci6u психологиядағы емтихан комиссиясының американдық дипломаты. Ол арттерапия әдістерінің авторы, белгілі американдық психолог. Кьелл Рудестам жеке, отбасы психотерапия бойынша тәжірибе жинақтаушы және ұйымдастырушылық кеңес берушi. Клиникалық Психология Академиясының мүшесі. Оның топтық психотерапия атты еңбегінде топтағы терапия жұмыстардың теориясы мен практикасы көрініс тапқан. Еңбекте кез келген топтың психокоррекциясы туралы жалпы мәселелер қарастырылған. Олардың әpmypлi мoдeлъдepi сипатталған.


Негізгі ғылыми қызығушылық аймағы өзін-өзi өлmipy, адамдар қарым-қатынасы, қашықтан оқытудағы өзгеру үдepicmepi, кино және психотерапия.
ӨHEPMEH ЕМДЕЛЕТІН ТЕРАПИЯЛЫҚ ТОПТАР
ДАРА СУРЕТ САЛУ
Мақсаты: Бұл жаттығу жұмыстары өнермен емделетін терапиялық топтардың сабақтарының бастамасы болып табылатын жаттығу.
Топ мүшелерінің сезімдерін ескеріп, бір-бірімен қатынасқа түсуге көмектеседі
Қажетті уақыт: 1 сағат
Kepeктi кұралдар: қағаз, түcтi қарындаштар, бор, бояулар мен саз балшық.

Дайындық: Арнайы дайындықты қажет етпейді.


Емдеу шаралары: Топтың әр қатысушысы көп қағаз бен түсті қарындаштарды қолданады. Сол сәттегі өздерінің сезімдерін сезіну ке¬рек. Өнерге берілмей, сезімге берілу ТИІС. Қарандашты алып қағазга қандай сызықтарды жасағыңыз келсе, соны жасаңыз. Сызықтар мен символдар арқылы сезімдеріңізді білдіріңіз.Әдемі туынды саламын деп әуестенбей ойыңызға келіп тұрғаныңызды салыңыз.Бұл жаттығуды елестету сезімін жаттықтыруда қолданады.
Cepiктecпeн бipгe сурет салу
Мақсаты: Бұл жаттығу өзара қарым-қатынастар мен тартысты зерт¬теу үшін қажет.
Қажетті уақыт: 30 мин-1 сағат
Керекті құралдар: қағаз, түсті қарындаштар және қаламдар
Дайындық: Арнайы дайындықты қажет етпейді. Алайда жетекшінің осы салада тәжірибесі болса жақсы болар еді.
Емдеу шаралары: Өзіңізге cepiктесті таңдап алыңыз. Серіктес екеуіңіздің араларыңызға таза кағазды қойып, әркайсыңыз бipнeшe борды алыңыз. Бір-біріңізді көздеріңізге мұқият қарап, сурет салуды бастаңыз. Серіктестігіңізбен сызықтар, формалар арқылы сөйлесіңіз. Cypeттi салып болғаннан кейін қағаздарыңызбен ауысып, осы жаттығудан алған әсерлеріңізбен бөлісіңіздер.
Топпен сурет салу
Мақсаты: Бұл бүкіл топпен жұмыс icтeyгe мүмкіншілік береді. Топта рольдік қарым-қатынастарды, жеке тәжірибеге топ мүшелерінің әсерін зерттеуге септігін тигізеді.
Қажетті уақыт: 1 сағат
Kepeктi құралдар: қағаз, түсті қарындаштар және қаламдар.
Дайындық: Жетекшінің осы салада тәжірибесінің болуы және топпен жұмыс жасау қабілеттілігі болу керек.
Емдеу шаралары: Топтың барлық мүшелері бөлменің қақ ортасына отырады. Әр қайсысының алдында таза қағаз бен түсті қарындаштар немесе қаламдар жатады. Әркім өзi үшін бip нәрсенің суретін сала бастайды. Жетекшінің дабылымен салып жатқан суреті сол қол жақта отырған адамға бересің де, өзің оң қол жақтағы көршінің cypeттi алып жалғастырасың.Сөйтіп өз суретіңіз өзіңізге қайта айналып келгенше жасайсыз. Алған суреттерін өзгертуге қорықпаңыз және тапсырма аяқталғаннан кейін өз суретіңізге қарап, адамдардың жасаған қосымша енгізулеріне үңіліңіз. Тапсырма аяғында топ мүшелepiмен тапсырма барысында жинаған әсерлеріңізбен бөлісіңіз.
Осы жаттығудың тағы бip нұсқасы бip тақта бетінде топ мүшелершінің кезекпе-кезек сурет салуы.
Т-ТОПТАРЫ
(тренинг топтары)
84-85 бет Т-тобының қозғалысын зерттеу 30-шы жылдарда белгілі әлеуметтік психолог Курт Левиннен бастау алады. Левинге қоғамдастықтағы жекеліктерді біріктіретін қоғамды функционалды байланыстың жүйесі ре¬тінде қарастырған әлеуметтанушы Георг Зиммельдің (Simmel, 1950)еңбектepi ықпал eттi. Ол барлық адамдар қоғамнын мүшeci бола тұрып, белгілі бip топқа жататындығына, топтың көшбасшылары мен мүшелері бip-бipiмeн үнемі байланыс жасайтынын байқады. Оның топ құрып және олардың әрекеттерін ғылыми негізделген мәліметтер негізінде зерттеу Т-тобы қозғалысының маңызды бөлігі болды. Левиннің Т-тобын зерттеуге амал тұрғыларынан келуі «әрекеттік зерттеу» деп аталды.
Алғашкы Т-тобы кенеттен пайда болды. 1946 жылы әлеуметтік ғылымдар аймағындағы бірнеше мамандардың Лиленд Брэдфорд, Рональд Липпит және Курт Левиннің басқаруымен Коннектикут жобасы деп аталған және бизнесмендер мен қоғам көшбасшыларына көмек ретінде жұмысқа қабылдаудағы әділетті әдіс ретінде қолдануға болатын топаралық қарым-қатынас шеберлігі жұмысына қатынасты. Бip күні жұмыстан кейін кешкісін мамандар өздерінің бақылағандарын талқыға салуға жиналды. Талдауға топтың бip, eкi мүшeci қатынасуға тілек білдірді. Таяу арада мамандардың бақылағандары әр кез топ мүше¬лерінің қабылдауларымен сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл кeшкi кездесулер мамандар мен топ мүшелеріне ұнағандығы сонша, оқытудың тиімді әдісіне ұласты. Сонымен қатар бұл басқалардан кepi байланыс алатын көмектер арқылы топ мүшелерінің өз тәжірибелерін алғаш тал- дауының үлгісі болды.
Жаңа топтың динамика зерттеу әдісінің жeтicтiгi кeлeci жылы Мэн штатындағы Бетел қаласында Ұлттык тренинг лабораториясын (ҰТЛ) құруға алып келді. Бетелде Т-тобының жақтастары пайда болды. Бұл топ eкi жақты мақсат ұстанды, әлеуметтік жүйедегі өзгepic стратегияларының дамуын және кіші топ пен тұлғааралық стильдердің қызмет етуін оқып үйрену. Т-топтары көбінесе қатынасушыларды тұлғааралық әдепке оқыту; топтың динамика теориясын практикалық бекіту; шынайы ұйымдарда қатынасушылардың кездесетін мәселелерін талдау; қатынасушыларға баскару қабілетін дамытуға көмектесу; Т-тобынан (Yalom,1975) тыс топтың игерген білімін қолдану сияқты міндеттерді шешуге пайдаланды. Кейіннен Т-тобы тұлғааралық бағытталу тұрғысынан көрнекті бола бастады.Бірaқ та 1956 жылға дейін Т-тобы тре¬нинг лабораториясының негізгі тақырыбын аныктамады.

НЕГІ3ГІ ҰҒЫМДАР


Ең алдымен Т-тобы оқытушы лаборатория болып табылады. Бұл бiз үйренген ерекше лаборатория: күрделі эксперимент жасайтын, ақ халаттағы талымдарды бейнелейді.
Жақын арада мұндай лабораторияны «оқытудағы оның барлық мү¬шелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған, уақытша бip орынға орналастырылған қоғамдастық» ретінде анықтауға мүмкіншілік бо¬лады (Bradford et al., 1964, p. 2-3). Бұл анықтамадан Т-тобының бірде біp мекемеде қызмет ете алмайтындығы және «оқытушы лаборатория» ретінде қала беретіндігі анық байқалады. Бұл контексте лаборатория ұғымында екпiн әдеттің жаңа формаларын тәжірибеден өткізуге түседі. Сондай-ақ топ мүшесі тәртіп өзгерістеріне тәжірибе жүргізетін бip уақытта қатынасушы бола алатын және өзгерістердің нәтижелерін бақылай алатын бакылаушы болатындығы болжанады. Қатынасушылар топтың мақсатын құруға, тәртіп бақылауға, ic-әрекетті жоспарлау мен мәліметтерді талдауға қатынастырылады. Топ - біздің өмip жолымызда кездесетін тұлғааралық кикілжіңдер мен міндеттер түрлерімен сипатталатын миниатюрадағы шынайы әлем. Т-тобының ерекшелігі шынайы өмірде шешімі табыла бермейтін мәселелерді шешу мүмкіндігімен қамтамасыз етуінде. Көбiне лабораториялық кездесулер күнделікті өмірден әлдеқайда алшақ жағдайда өтеді.Т-тобындағы сабақтар әдетте лабораториялық тренинг уакытының бip белгісін ғана қамтиды. Сабақ кестесінің қалған бөлігіне топтық қабілет, топтық үдерістер туралы ақпарат беретін дәрістер және кең ауқымдағы кездесулер енеді. Т-тобы - бұл оқыту тәжірибесінің ядросы, кейбір кезде жалғыз оқыту әдici болып табылады. Барлық оқу қоғамдастығы әдетте 10-15 адамнан тұратын екі немесе үш Т-тобынан турады.
Т-тобының «тренер немесе фасилитатор» деп аталатын жетекшісі, оның жүмысын келесідей бастауына болады:
Бұл топ ұзақ уақыт аралығында жұмыс жасайды және өзіндік тұрғыдан кез келген қатынасушы жеке адам тәртібіне, ұйым мен топ жұмысына ықпал ететін үдерістер туралы түсініктерін кеңейте алатын лаборатория болып кұрылады. Оқыту ушін материал ретінде біздің же¬ке тәртібіміз, сезіміміз және реакциялар негізге алынады. Біз арнайы бекітілген процедураларсыз және нақты жоспарсыз, анықталмаған құрылымсыз жұмысымызды бастаймыз.Бізгe өзіміздің тобымызды даму тұрғысынан оқып үйренуіміз қажет болады. Менің рөлім, топқа өз тәжірибесін негізінде оқып үйренуге көмектесу болып табылады. Мен өз әрекетімді бiз қалай ұйымдасуымыз қажет, қандай әдітерді қолданамыз, күн тәртібіне нақты нeнi ендіреміз деген сияқты дәстүрлі өкіл ретінде бастамаймын және оны ұсынбаймын да. Менің ойымша, енді бiз, сіздердің сезімталдықтықтарыңыз бойынша өте жемісті (Seashore, 1968) болып табылатын жолды табуымызға болады.
Ары қарай қатынасушылардың алдында шектеулі уакыт кезеңінде әлеуметтік ұйым кұру және оның дамуын қамтамасыз ету міндеті тұ¬рады. Мақсаттар нақты айқындалмаған, жалпылама болады. Нақты құрылым мен жоспардан әдейі бас тарту қатынасушылардың өздеріне сенулері мен өзіндік жеке мүмкіндіктерін дамытуларын міндеттейді. Т-тобы үшін топтың дамуы мен өзгнрістері бойынша; топтағы тұлғалық, тұлғааралық мәселелерге баса назар аударатын оқыту үдерістері негізгі мәселе болып табылады. Лабораториялық тренингте қалай оқу керектігіне оқып үйрету мәселесіне жаңа әртурлі амал тұрғыларынан келуге аса мән береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет