239
тамыры соғып жатқанды тауып алуды ұсынады, оның ұсынысы өлгенге <...> құр солыға
еліктеу емес"[896], гегельяндық пен позитивизмнің үстемдігінің соңына ілескен кезеңдегі
тарихи және көркемдік процестегі ғылыми танымының жаңа бұтағын құрайтын жаңаның
өмірге келу сәтіндегі мәдени жадының белсенді рөлінің жандана түсуі[897].
Мәдени өткен шақтың белгілі бір "өтпелігі" қаламгер туындысында сан алуандықпен
көрініс береді. Бұл, біріншіден, бұрынан қолданылып келе жатқан сөздік көркем амал-
тәсілдердің, сондай-ақ, бұдан бұрынғы мәтіндердің фрагменттері (реминисценция
кейіпіндегі); екіншіден, реалдықтан тысқары, сондай-ақ, әдебиетте ұшырасатын
дүниетаным, концепция, идеялар; және де ақыр соңы, үшіншіден, әдеби
шығармашылықтың (тектік және жанрлық; заттық-бейнелілік, композициялық, өздік
сөздік) формаларына көп жағдайда түрткі болып, әрі айқындайтын көркемдіктен тысқары
мәдениеттің формалары. Осылайша, эпикалық туындылардың әңгімелеуші формалары
шындық өмірдегі адамдар арасында кең орына латын бұрындары болып өткен нәрселер
жайындағы әңгіме етуінен келіп шыққан; обмен ми между героями и хором в антикалық
драмадағы хордағы қаһармандар арасындағы репликакалармен алмасу ежелгі гректердің
жұрт алдына шығуының бастау көзіне қатысты; плуттық роман дегеніміз – бұл өмірдегі
нар тәуекелшіліктің ерек түрі ретінде дүниеге келіп, әрі көркемдікпен көрініс беруі; соңғы
бір жарым-екі ғасырдағы әдебиеттегі психологизмнің гүлденуі адамдық сананың
феномені рефлексиясының белсенуімен және осыған ұқсастармен байланысты болып
келеді. Ф. Шлейермахер тап осындай көркем және көркемдіктен тысқары формалардың
арасындағы сәйкесімдер турасында төмендегідей ой қозғады: "Тіпті жаңа форманы ойлап
табуышының өзі өз ойын жүзеге асыру үшінде толықтай азат емес. Бірақ та белгілі бір
өмірлік форманың оның өзінің туындысында көркем формаға айналуы оның ерік-жігеріне
байланысты, ол өнердегі жаңаны өмірге әкелу жолында осы күнге дейін ұшырасатын
оның аналогтарының үстемдік құруымен бетпе бет келеді"[898]. Қаламгерлер, осылайша,
өздерінің азат саналы қондырмалары бар екендігіне қарамай, мәдени дәстүрге айналған
белгілі бір өмірлік формаларға иек сүйеуге "мәжбүршілікте" болады. Әсіресе, әдеби іс-
әрекетте жанрлық дәстүр үлкен маңызға ие.
Әсіресе, әдеби іс-әрекетте жанрлық-тілдік дәстүр зор маңызға ие. Көркем сөз шығу
төркіні жағынан көркемдіктен тысқары сөздік формалардың тереңінен кетеді. Осы жерде
Бахтиннің бірінші және екінші тілдік жанрлар деп шектегені ойға оралады. Біріншісі
(ауызекі әңгіме, диалогтық реплика, тұрмыстық әңгімелер, хат) «тікелей сөздік қарым-
қатынас» жағдайында қалыптасса, екіншісі, шешендік өнерде, көсем сөзде, ғылыми-
философиялық мәтіндерде, сондай-ақ, сөз өнерінде көрініс береді. Көпшілік жағдайда
олар түрлінше өзгеріске ұшыраған ілкі жаноалар болып табылады.
Жалпы мәдени және әдеби көркем дәстүрлердің қаламгерлер шығармашылығындағы
маңызы туралы әңгімені аяқтай келе, атақты ағылшын-америка ақыны Т.С.Элиоттың
«Дәстүр және индивидуалды талант» мақаласына ауыспақпыз. Онда жазушы «өз бойына
саналы түрде өткеннің сезімінің оралтып, оны өз шығармашылығының бойында
байықтыра түсуге тіисті» деп сөз етіледі. Автор уақыттағы өзінің орнын, заманасын өте-
мөте айқын сезінуге мүмкіндік беретін «дәстүр» мен «сезім тарихын» енгізеді.
Осылайша, әдебиетті (формалды-құрылымдық жақтан, сондай-ақ, терең мазмұндық
аспектілік қырынан) генетикалық жақтан қарастыруда дәстүр ұғымы өте-мөте жауапты
рөлге ие болып келеді. Бірақта XX ғ. (негізінен авангардистік бағдардағы) әдебиеттануда
бұдан басқа, қарама-қарсы шынайы, жоғары әдебиетке еш қатысы жоқ, эпигондықпен
байланыстағы дәстүр, мұрагерлік, мәдени жады туралы ұғым кеңінен тараған. Ю.Н.
Тыняновтың пікірінше, дәстүр дегеінміз – бұл "
әдебиеттің ескі тарихының негізгі
Достарыңызбен бөлісу: