Қазіргі қазақ тілі
43
– Сіз барыңыз.
– Ол барсын.
Бұйрық етістікті сөйлемдер мынадай қосымша бір грам ма-
тикалық, лексикалық тәсілдер арқылы ұштасып жұмсалады.
1) (-шы, -ші); 2)
көр, жүр, байқа
көмекші етістіктер мен
ғой,
деймін
модаль сөздер; 3) ресми стильде: міндет етілсін,
талап
етілсін, тапсырылсын, жүктелсін етістіктері, ауызекі сөйлеуде:
доғар, қысқарт, тоқта, тыйыл, сақтан, т.б. етістіктері; 4) баянда-
уыштың орын тәртібін өзгертуі арқылы.
2) Бұйрықты сөйлемдер етістіктің
шартты, қалау, ашық рай
тұлғалары арқылы қалыптасады: -са+шы, -се+ші, -йшы, -йші; -са
еді (екен);
-айық/-ейік, -йық/-йік (+шы/+ші); -ғай/-гей, -қай/-кей.
Бұйрықты сөйлем белгілі сөйлеу жағдайында ашық райлы
етістіктер арқылы қалыптасады,
соған сәйкес арнаулы интона-
циямен айтылады: ауыспалы осы шақ, болжалды келер шақ
тұлғасында: өзің алып жүресің! Өзің ескертерсің! Айтарсыңдар.
Бұйыр, өтін, сұра, тапсыр
етістіктері баяндауыш болып
келеді (сұраймын, өтінем, өтінер едім...).
Кет, жүр, көтер
етістіктерінен жасалады. Айда, кеттік! Ал, жүрдік! Ал, көтердік!
3) Бұйрықты сөйлемдер керектілік-міндеттілік мәнді жанама
жақты/жақсыз сөйлем түрінде құралып жұмсалады. Баяндауыш
құрамында керек, қажет, шарт, тиіс, жөн, мақұл, дұрыс модаль
сөздері болады: Сен оны сыйлауың керек, әрқашан әзір тұруымыз
керек,
білмек керек, сақтануға керек, отыруға тиіссіздер...
4) Белгілі бір сөйлеу жағдайында бұйрықты сөйлемдер есім,
үстеу сөз құрамды кейбір тұрлаусыз мүшелер арқылы қа лып -
тасады (толымсыз сөйлем). Сөйлемдердің мазмұны сөйлеу жағ-
дайына қарай әрі лексикалық мағынасы мен грамматикалық
тұлғасына қарай тыңдаушыға түсінікті болады. Мысалы: – Сусын,
– деді Жабай тілін әрең жалап.
Бұйрықты сөйлемдер ишарат (бұйрық) одағайларынан құра-
лады. Әй, тәйт, айда, тсс, мә...
Түрлері
Бұйрықты сөйлемдер мазмұны жағынан, оның берілу сипаты
жағынан біркелкі емес.
1. Тіке бұйрық білдіру, нақтылы талап қою мағынасында.
Бердібай Шалабай
44
Тіке бұйрық іс-әрекеттің сөйлесуші
жақ тарапынан міндетті
түрде орындалуы тұрғысынан беріледі. Ондай сөйлемдер көбіне,
жекеше-анайы, көпше анайы ІІ ж. ж. ІІІ ж. бұйрық рай тұлғасында
жұмсалады.
2. Бұйрықты сөйлемдер тоқтау салу, тежеу мағынасында
жұмсалады. Ондайда айтушы тарапынан басқа біреудің белгілі
бір істі істеуден бүтіндей не уақытша бас тартуы талап етіледі.
Олар бұйрық, шарт райлары, болымсыз тұлғалы етістіктер мен
белгілі бір лексикалық болымсыз мәнді етістіктер арқылы, ар-
наулы бір одағайлар арқылы қалыптасады. – Қой, Абайжан!
Айтпа оны, атама, жетер!.. (М.Ә.)
3. Ұсыныс жасау, тапсырма, нұсқау беру, міндет ету мағына-
сында. Негізгі қалыптасу жолы – бұйрық рай тұлғасы.
Кейде
керек, тиіс, модаль сөздері арқылы, ашық рай тұлғалары арқылы
жасалады.
(– Қайтарылып берілсін, жүргізу керек!).
4. Кеңес, демеу беру мәнінде (бұйрық рай арқылы, керек,
тиіс модаль сөздер). Сізге тынығу керек, жібергенің мақұл... Өз
басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме.
5. Жалпы ескерту, сақтандыру, сес білдіру мағынасында: тың-
даңыздар, тыңдаңыздар! –Баланы оятып алмайық. Тастап көр!
6. Тілек, өтініш, жалыну мағынасында: шыдап көрсеңші,
соны
айтсаңыз екен, шара қолдануды өтінеміз.
7. Келісім білдіру, іске жол беру мағынасында: – кірсін,
–
сөйлеңіз.
8. Іске шақыру, үндеу мағынасында: Аттан түсіңдер!
Достарыңызбен бөлісу: