Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б



бет1/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
annotation165748


ӘОЖ 94(574)
ББК
А

Бегалиева А.К. Қазақстан тарихы (оқу құралы). – Алматы: Қазақ университеті, 2020. - 304 бет.


ISBN
Оқу құралы ҚР жоғары оқу орындарының жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына, колледж және лицей, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған. Оқу құралында Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бастап қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтып, мемлекеттің стратегиясы, қазіргі даму ерекшеліктері сипатталған. Сонымен қатар тыңдаушылардың өздігінен ізденуіне арналған сұрақтар мен реферат тақырыптары, терминдер бойынша мағлұмат алу үшін глоссарий берілген.


Оқу құралы көпшілік оқырман қауымының назарына да арналған.

ӘОЖ 94(574)


ББК
А
Пікір жазғандар:


Кәрібаев Б.Б. - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі.
Шамшиденова Ф.М. - Қазақ ұлттық университеті қыздар педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты.

Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кеңесі шешімімен № хаттама____ 2020 ж. ұсынылған




АЛҒЫ СӨЗ

«Қазақстан тарихы» курсы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынысымен бекітілген және іске қосылған ҚР жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік білім беру стандарты бойынша жоғары оқу орнында оқытылады.


«Қазақстан тарихы» оқу құралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына, колледж және лицей оқушыларына арналған.
Пәнді оқытудың мақсаты ежелгі заманнан бастап қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихына сипаттама беру.
Пәнді оқыту міндеттері:
- ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдерін жан-жақты сипаттау;
- орта ғасырдағы түркі қағанаттарының қоғамдық-саяси тарихына шолу жасау;
- «Мәңгілік ел» идеясының мазмұнын түсіндіру;
- Қазақстан жеріне жасалған монғол шапқыншылығын, монғол ұлыстарының құрылу тарихын көрсету;
- Қазақ хандығының тарихына қатысты оқиғаларды мазмұндау;
- Қазақстанды Ресей империясының жаулау саясатын айқындау;
- әкімшілік-әміршіл жүйенің қалыптасуын көрсетіп, КСРО құрамындағы Қазақстан тарихын сипаттау;
-тәуелсіз Қазақстан тарихын сипаттап, қалыптасқан Қазақстан тарихын талдау;
-тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени негіздерін көрсету;
- XXI ғ. Қазақстанның экономикалық моделін айқындау;
- Қазақстанның дүние жүзінің жетекші елдерімен байланысын сипаттау.
Тыңдаушылардың алатын білімі: көне Қазақстан тарихын, мемлекеттілік туралы түсінікті, монғол шапқыншылығын, Қазақ хандығының тарихын, Ордалар тарихын, Ресей империясының Қазақстандағы саясатын, кеңестік идеологияның ықпалын біліп, қазіргі заманғы тарихымыздың қайшылықты тұстарының кейбір көлеңкелі, мәселелерін жаңа өркениетті тәсілмен сипаттауға үйреніп, кеңестік тоталитарлық жүйенің жазықсыз жазалауына ұшыраған халқымыздың көрнекті мемлекет, ғылым мен мәдениет қайраткерлері туралы, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болғанын, Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болғаны, «Қазақстан-2050», Елбасының Жолдаулары, Мәңгілік ел идеясы, Астана қаласының салынуы, XXI ғ. Қазақстанның экономикалық моделі, білім және ғылым саласы, т.б. туралы мағлұмат алады.
Біліктілігі:


      1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет