57- есеп. Шеңбер.
Егер тісті доңғалақтың екі қатар тұрған тістері арасындағы шеңбердің
доғасы 15°-қа тең болса, онда тісті доңғалақтың неше тістері бар екенін
табыңдар.
Жауабы: 24.
58- есеп. Шеңбер.
Тісті доңғалақтың 12 тістері бар. Егер бұл доңғалақ бір айналым жасағанда
онымен тіркескен екінші доңғалақ 120
о
-
қа ғана бұрылса, екінші тісті
тоңғалақтың неше тісі бар екенін табыңдар.
Жауабы: 36.
59- есеп. Жер телімі.
Қырыққабатты отырғызуга бөлінген жер телімі, екі басында теңбүйірлі
үшбұрыш тәрізді екі бірдей бөліктері жоқ тіктөртбұрыш пішінді (2.29-сурет).
Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені сәйкесінше 22 м және 4 м-ге тең.
Сұрақ. Егер MP кесіндісінің ұзындығы 18 м, ал 1 шаршы метрге 0,5 г
тұқым қажет болса, бөлінген жерге қырыққабатты отырғызу үшін қанша
(салмағы бойынша) тұқым қажет?