Постановление



бет50/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
Ақтөбе қалалық ІІБ
Елек ПБ ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
«Сот медицинасы орталығының» Ақтөбе филиалы


Сот-психиатриялық сараптама
(амбулаториялық)
ҚОРЫТЫНДЫ
2015 жылғы «__» қаңтар Ақтөбе қаласы

Зерттелуші Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетованың ПСИХИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІ: Сана-сезімде. Қарым-қатынас жасауға ашық. Әңгіме кезінде сұрақтарға берілген нысанда, реттілікпен жауап береді. Ойлауы қалыпты қарқында. КӨҢІЛ-КҮЙ ЖАҒДАЙЫ БІР ҚАЛЫПТЫ. ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ АЛДАМШЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ САНДЫРАҚ ОЙЛАРЫ БОЛҒАН ЖОҚ. Сыни тұрғыдан жеткілікті. Жады мен интеллектісі өрескел бұзылмаған. Өз кінәсін түсінеді. Психотикалық симптоматика анықталған жоқ.


ҚОРЫТЫНДЫ: зерттелуші Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетова қандай да бір психикалық бұзылумен зардап шекпейді.
Сарапшылар: 1. А.Әлжанов, жетекші сарапшы, психиатр-сарапшы
2. А. Нұржанов, комиссия мүшесі, психиатр-сарапшы
3. С.Хасанов, комиссия мүшесі, психиатр-сарапшы


Амбулаториялық сот-психиатриялық сараптаманың
қорытындысымен танысу
ХАТТАМАСЫ
2015 жылғы «__» қаңтар Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қалалық ІІБ ПБ Елек ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К.Дакешев №15151003100014 қылмыстық іс материалдарын қарап, ҚР ҚПК 274-бабының 1-бөлігінің 6-тармағын басшылыққа алып, күдіктіні және оның қорғаушысын амбулаториялық сот-психиатриялық сараптаманың 2015 жылғы «__» қаңтардың №344 қорытындысымен таныстырғаны туралы осы хаттаманы жасады, сондай-ақ оған оның құқықтарын, атап айтқанда: тергеушіге келіп түскеннен кейін сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысу, өз ескертпелерін ұсыну, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтініштер мәлімдеуге құқығы түсіндірілді.
Амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама қорытындысымен танысқаннан кейін «Сараптама қорытындысымен таныстық, арыздар мен қарсылықтар жоқ» деп мәлімдеді.

Күдікті Ж.К.Ділмағанбетова


Қорғаушы З.З.Мамедов






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет