Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап.  Бала  асырап  алудың  күшін  жоюды  талап  етуге



Pdf көрінісі
бет103/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   187
97-бап.  Бала  асырап  алудың  күшін  жоюды  талап  етуге 
құқығы бар адамдар 
Бала  асырап  алудың  күшін  жоюды  талап  етуге  оның  ата-
аналарының,  бала  асырап  алушылардың,  он  төрт  жасқа  толған 
асырап алынған баланың, қорғаншы немесе қамқоршы органның, 
сондай-ақ баланың мүдделеріне сай прокурордың құқығы бар. 


 
98-бап. Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары 
1.  Сот  бала  асырап  алудың  күшін  жойған  кезде,  асырап 
алынған  баланың  жəне  баланы  асырап  алғандардың,  бала 
асырап алушылар туыстарының өзара құқықтары мен міндеттері 
тоқтатылады жəне егер баланың мүдделері талап етсе, бала мен 
оның  ата-анасының  (оның  туыстарының)  өзара  құқықтары  мен 
міндеттері қалпына келтіріледі. 
2. Бала асырап алудың күші жойылған кезде бала сот шешімі 
бойынша  ата-  анасына  беріледі.  Ата-аналары  болмаған  кезде, 
сондай-ақ  баланы  ата-анасына  беру  оның  мүдделеріне  қайшы 
келсе, 
бала 
қорғаншы 
жəне 
қамқоршы 
органның 
қамқоршылығына беріледі. 
3.  Сот  баланың  асырап  алынуына  байланысты  оған  берілген 
аты,  əкесінің  аты  жəне  тегі  сақталу-сақталмау  мəселесін  де 
шешеді. 
Он жасқа толған баланың атын, əкесінің атын немесе тегін тек 
оның келісімімен ғана өзгерту мүмкін болады. 
4.  Сот  баланың  мүдделерін  негізге  ала  отырып,  осы  Заңның 
125  жəне 127-баптарында  белгіленген  мөлшерде  бұрынғы  бала 
асырап  алушыны  баланы  асырауға  қаражат  төлеп  тұруға 
міндеттеуге құқылы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет