Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет147/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   187
 
152-бап.  Алимент  төлеу  туралы  келісім  негізінде 
алиментті ұстап қалу 
Нотариат  куəландырған  алимент  төлеу  туралы  келісімнің 
негізінде  алимент  осындай  келісімнің  жəне  атқару  құжаттарының 
негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті 
адам  жалақысының  жəне  өзге  де  кірісінің  елу  процентінен  асқан 
жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін.  
 
153-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орнын 
ауыстырғаны туралы хабарлау міндеті 
1.  Сот  шешімі  немесе  нотариат  куəландырған  алимент  төлеу 
туралы  келісім  негізінде  алиментті  ұстап  қалушы  ұйымның 
əкімшілігі  алиментті  өндіріп  алу  жөніндегі  шешім  орындалатын 
жердегі  сот  орындаушысына  жəне  алимент  алушы  адамға 
алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны туралы, 


сондай-ақ,  өзіне  белгілі  болса,  оның  жаңа  жұмыс  орнын  немесе 
тұратын жерін үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті.  
2.  Алимент  төлеуге  міндетті  адам  сот  орындаушысы 
белгілеген  мерзімде  соңғысына  жəне  алимент  алушы  адамға, 
жұмыс  орнының  немесе  тұратын  жерінің  өзгергені  туралы,  ал 
кəмелетке  толмаған  балаларға  алимент  төлеген  жағдайда 
қосымша  табысының  немесе  өзге  де  кірісінің  болуы  туралы 
хабарлауға тиіс.  
3.  Осы  баптың 1 жəне 2-тармақтарында  аталған  деректерді 
дəлелсіз  себептермен  хабарламаған  жағдайда  бұған  кінəлі 
лауазымды  адамдар  жəне  өзге  де  азаматтар  əкімшілік  жауапқа 
тартылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет