Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет87/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   187
 
77-бап. Баланы асырап алу тəртібі 
1.  Баланы  асырап  алуды  бала  асырап  алуға  тілек  білдірген 
адамдардың  (адамның)  арызы  бойынша  сот  жүргізеді.  Бала 
асырап  алу  туралы  істерді  сот  азаматтық  іс  жүргізу  заңдарында 
көзделген  ережелер  бойынша  ерекше  іс  жүргізу  тəртібімен 
жүргізеді. 
Балаларды  асырап  алу  туралы  істерді  сот  қорғаншы  жəне 
қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды. 
2.  Бала  асырап  алушының  жəне  асырап  алынған  баланың 
құқықтары  мен  міндеттері  (осы  заңның 89-бабы)  баланы  асырап 
алу  туралы  сот  шешімі  заңды  күшіне  енген  күннен  бастап 
туындайды. 
Сот  баланы  асырап  алу  туралы  соттың  шешімі  заңды  күшіне 
енген  күннен  бастап  үш  күн  ішінде  осы  шешімнің  көшірмесін 
шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын 
орган мен қорғаншы жəне қамқоршы органға жіберуге міндетті. 
Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі 
үшін белгіленген тəртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет