57
Дұрыс
Дұрыс емес
2.9.сур. Слоттағы кілт жəне жедел жадыдағы ойық
Жадыдағы ойықты аналық тақша слотындағы кілтпен біріктіріңдер
(2.9 сур.).
Жады планкасындағы кілтті біріктіре алмасаңдар, демек, жады типі
дұрыс таңдалмады.
3. Компьютерде қолданылатын жедел жады модульдерінің
сипаттамаларын зерделеңдер.
Бұл үшін AIDA бағдарламасын немесе CPU-Z тегін бағдарламаны
орнатуға болады.
Жүйелі тақша қосымша бетті ашыңыз да SPD
тармағын таңдаңыз. Қосылған жады модульдерінің параметрлерін
зерттеңіз. Тақшаның х-арналы режимінде сəтті жұмыс істеу үшін мына
сипаттамалар бір-біріне келу керек: тип, таймингтер, деректерді тарату
жылдамдығы, көлем, бір өндіруші жəне бір модель. Компьютерді
сөндіріп, блоктың қақпағын шешіңдер. Жады тақшалары жұп слоттарға
орнатылғанына көзжеткізіндер. Əдетте мұндай ағытпалар бір түске
боялған. Жүйелі блоктың қаңқасын жауып, компьютерді іске қосыңыз.
Қажетті режимнің белсенділігін BIOS-те (UEFI) тексеріңіз.
4. Жадының қоректену кернеуін тестермен (мультиметрмен)
тесеріңдер.
VDD – жадының қоректену кернеуі (түйіспелердің біреуі ғана
көрсетілген) (2.10 сур.).
VDD SPD – SPD деректерін сақтайтын, микросхеманы қоректендіретін
кернеу.
VREF – тірек кернеуі, əдетте, VDD/2 тең. Əдетте жадыны қоректендіру
кернеуінен резистивті бөлгішпен қалыптасады. SDRAM үшін жоқ.
58
2.10.сур. DD R3 типті жады модуліне арналған кеңейту слоты
5. Жедел жадының тиімділігін орындаңдар жəне компьтерді қайта
жүктендер.
Жүктеу файлдың параметрлерін баптау үшін (2.11 сур.)
Менің
Достарыңызбен бөлісу: