Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



Pdf көрінісі
бет92/198
Дата07.01.2022
өлшемі5,83 Mb.
#18708
түріПрактикум
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   198
  4.3.
  ВЕБ-КАМЕРА 
 
 
 
Веб-камера (web-камера)  –  бұл  нақты  уақытта  бейнені  өңдеуге  жəне 
Интернет 
желісі 
арқылы 
беруге 
қабілетті, 
цифрлік 
бейне- 
немесефотокамераның  шағын  габаритті  шешім.  Барлық  веб-камераларды 
шартты түрде үстел жəне портативтіге бөлуге болады.   


94 
Үстел  камералар  компьютерге  жалғау  үшін  қолайлы:  олар  үстелге 
орнатылады,  кабелдің  ұзындығы 1,5...2 м.  құрайды.  Портативті 
ноутбукпен  жұмыс  істеу  үшін  арналады,  сондықтан  оларда 
құрылғыны  мониторға  бекітетін  арнайы  бекіткіші  бар.  Олардың 
жалғағыш  кабелі  қысқа  бір  метрден  аспайды,  себебі  ұзын  кабель 
босқа  кедергі  жасайды.  Камералардың  кейбір  модельдері  əмбебап 
болып  келеді,  яғни  ағымдағы  қажеттіліктерге  байланысты,  үстелге 
орнатуға  немесе  мониторға  бекітіп  қоюға  да  болады.  Веб-
камераның негізгі құрылғысы – сенсор.   
Веб-камера құрылымы бойынша мына құрауыштардан 
құралады: 
■  ЗБҚ, CCD (charge-coupled device) – заряд  байланысы  бар 
құрылғы;  веб-камераның  техникалық  параметрлерінде  ЗБҚ-
матрицаның 
форматы 
(дюймде 
матрицаның 
диагональ 
ұзындығы),  тиімді  пиксельдердің  саны,  жазба  типі  (жолды 
немесе жоларалық) жəне сезгіштігі көрсетіледі; 
■  объектив – бұл web-камераның  жарықсезгіштігіне  бақылау 
объектіні бейнелеуді проекциялау үшін арналған линзалық жүйе. 
Жиі объектив web-камераны жеткізу жинағына кіреді; 
■  веб-камераның  оптикалық  сүзгілері  жазық  параллель  пластинка 
түріне  ұқсас.  Мұндай  пластинкалар  матрицаның  үстінен 
орнатылған  жəне  веб-камераның  сапалы  түс  беруі  үшін 
арналады; 
■  веб-камераның бейнеқамту тақшасы аналогты электр сигналды 
цифрлік форматқа түрлендіреді; 
■  бейнекөріністің  компрессия  блогы  (сығу)  бейнесигналдарды 
сығады.  Бейнесигналдардың  көлемін  кішірейтіп JPEG, MJPEG, 
MPEG – 1/2/4 немесе Wavelet сияқты  сығу  форматтарына 
түрлендіреді.  Бейнесигналды  сығу  Интернет  желісі  бойынша 
бейнекөріністерді  сақтау  жəне  тасымалдау  ыңғайлығы  үшін 
бейнеақпараттың  көлемін  бірнеше  есе  қысқартуға  мүмкіндік 
береді. Аппаратты жəне бағдарламалық сығу бар. Көптеген веб-
камераларды  аппараттық  сығумен  шығарады,  себебі  бұл 
неғұрлым шапшаң сығатын тəсіл; 
■  web-сервер  жəне  желілік  интерфейске  кіріктірілген  орталық 
процессор.  Орталық  процессордың  көмегімен  сығылған  жəне 
цифрланған  бейнекөріністі  жаңғырту  бойынша  міндеттерді 
жүзеге  асырады. Ethernet интерфейсі  вебкамераны  жергілікті 
желіге  қосу  үшін  жауап  береді.USB  порты  болған  кезде  (ең 
таралған  түрі)  камера  компьютердің  кірісіне  тура  қосылуы 
мүмкін. Веб-камерадавеб-сервердің бағдарламалық жасақтамасы 
болуы  мүмкін.  Онда  ол  толығымен  автономды  сервиске 


95 
айналады,  оған  пайдаланушылар  Интернет  арқылы  қосыла 
алады.  Кəдімгі  жағдайда  камера  бейнеағының  генераторы 
ретінде  қолданылады,  ол  компьютермен  өнделеді  жəне  оған 
орнатылған БЖ арқылы желіге таратылады; 
■  ЖЖҚ  (жедел  жадтау  құрылғысы)  жəне    флэш-жады.  Көптеген 
интернет-камераларда  камерамен  жасалған  суреттерді  сақтауға 
арналған  бейнебуферлеріне  ие.  Бейнебуфердегі  ақпарат  циклді 
жаңартылады, яғни жаңа кадр ең ескі кадрдың орнына жазылады.  
Бейнебуферге web-камералар  бейнекөріністің  барлық  сығылған 
кадрларын  жазатындықтан,  онда  датчиктердің  біреуінен  қауіп-
қатер сигналы келіп түскенде, ол қауіп-қатрге дейін, кейін жəне 
қауіп-қатер  кезінде  келіп  түскен  бейнекадрлардың  тізбектілігін 
қалыптастырады жəне оларды алдын ала белгіленген FTP немесе 
SMTP  мекенжай  бойынша  жібереді.  Веб-камераны  Интернет 
желісіне  қосқаннан  кейін  оған  веб-мекенжай  беріледі.  Веб-
камераға  мекенжайды  автоматты  түрде  беретін  арнайы 
бағдарламалар  да  болады.  Компьютер  веб-камераны  анықтаған 
кезде,  ол  объективке  келіп  түскен  көріністі  Интернетке  жазу 
немесе  тарату  үшін  цифрлік  сигналға  түрлендіріп,  желілік 
құрығы ретінде жұмыс істей бастайды.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет