Рефлексивтік есеп
ІІ – деңгейлі,
бастауыш сынып мұғалімі
Мусабекова Айгүл Қызданқызы
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Мен де ұстазбын. Менің ұстаз ретінде негізгі мақсатым – сабақтың сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың өздігінен ізденуін, танымын қалыптастыру, болашақ өмірлеріне қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Осы мақсатқа жетудің бірден бір жолы – оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологиялар. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Достарыңызбен бөлісу: |