Пән туралы мәлімет Кіріспе Психотерапия технологиялары тәжірибелік ғылым болып саналады. Психотерапия технологиялары психологияның негізгі салаларымен, психологиялық кеңес беру негіздері, отбасылық психотерапия, медициналық психология салаларымен және медицина және тағыда басқа ғылымдармен байланысты. Психотерапия технологиялары адам психикасына психика арқылы әсер етуінің емдеу жүйесі болып табылады.
Курс барысында студент мєселелердің талдауын жасап клиенттің мєселесін себептерің ашу жолдарың қарастыруға икемделеді.
Курс өз ішіне тәжірибелік білімдерді еңгізген және психотерапиядағы негізгі бағыттар, әдістер және формалар қамтиды.
Пәннің мазмұны психологияның қазіргі заманның талабына сай, қарым-қатынастың әлеуметтік түрлерімен, өмірмен байланысты. Пәннің мазмұны жалпы әлеуметті-мәдені кеністікте, психотерапияның концептуалды негізінде жасалған.
Пәнді оқу мақсаты:Психотерапияның теориялық білімнің дамуы және негізгі бағыттарға арқа сүйеп, студенттерге психотерапияның әдістері мен формалаларын практикада қолданылуын көрсету.
Міндеттері:
білімді меңгеру; негізгі концепциялар бағыттарды психиканың қиын формалары мен мінез-құлық ашу;
психотерапиялық білімді ұйымдастыру технологиясы карастыру;
студерттерде тәжірибелік дағдыны қалыптастыру;
белгілі бір бағытқа бағытталған студенттердің психотерапиядағы емдеу тәжіребесін үйрету;
әдістемелердің қолдану спецификасын түсіндіру, психологтың клиентпен және пациентпен жұмыс істеу формаларын ашу;
психологиялық талдауда дағдының қалыптасуы, клиент пен пациенттің мєселелердіњ негізін анықтаға үйрету.
Пререквизиттер: Жалпы психология, психологиялық кеңес берудің негізі, отбасы психологиясы, патапсихология және мамандану практикумы.
Сабақ формалары ұжымдық, топтық және жеке тұлғалық.
Курс 135 сағатқа есептелген, оның ішінде 15 сағат – дәріс, 30 сағат – семинарлық сабақтар және 90 сағат СӨЖ. Курс аяқталған соң, меңгерілген білім бойынша студенттер сынақ тапсырады.