Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу


Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны



бет17/28
Дата06.01.2022
өлшемі382,5 Kb.
#14761
түріПрограмма дисциплины
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
3.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Синтаксис туралы жалпы түсінік.

Мазмұны: Синтаксис термині, оның мәні. Синтаксистің қазіргі зерттелу бағыттары мен оның объектілері: сөз тіркесі, сөйлем, күрделенген сөйлемдер, синтаксистік тұтастық, ол туралы талас пікірлер және олардың зерттелу барысы. Синтаксистің фонетика (интонация), лексика, морфологиямен қарым-қатынасы, өзіне тән ерекшеліктері.

2-тақырып. Сөз тіркесі.

Мазмұны: Сөз тіркесінің синтаксистің арнайы объектісі болуы туралы көзқарастар. Сөз тіркесі терминінің қалыптасуы. Сөз тіркестерінің зерттелуі, зерттеуші ғалымдар, олардың еңбектері. Сөз тіркесінің тек сөйлемде ғана өмір сүруі, сөйлемнен тыс қолданылмайтындығы. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы көзқарастар. Сөздердің тек грамматикалық мағына тудыру үшін тіркесетіндігі. Ол туралы орыс тілі мен түркологиялық көзқарастар. Сөз тіркесі кез-келген екі сөздің тіркесі емес, керісінше, тек дербес мағынасы бар сөз таптарының өзара тіркесі екендігі. Сөз тіркестері сабақтаса байланысқан сөздер тобынын ғана жасалатындығы, ал салаласа байланысқан сөздердің тілдегі сөздердің орны. Еркін тіркестер. Тұрақты тірестер. Түйдекті тіркестер. Шектеулі тіркестер, олардың бір-бірінен айырмашылығы, жасалу жолдары, сөз тіркесі синтаксисіне қатысы. Сөз тіркесі, оның өзіне ұқсас категориядан айырмашылығы: 1) сөйлемнен айырмашылығы, ұқсастықтары; 2) шектеулі тірестерден айырмашылығы, ұқсастықтары; 3) тұрақты тіркестерден айырмашылығы, ұқсастықтары; 4) түйдекті, шектеулі тіркестерден айырмашылығы, ұқсастықтары: а) негізгі сөздер мен шылаулардың түйдектелуі; ә) негізгі сөздер мен көмекші есімдердің түйдектелуі; б) негізгі сөздер мен көмекші етістіктердің түйдектелуі; в) негізгі сөздер мен модаль сөздердің түйдектелуі; г) сөз, оның түрлерінен айырмашылығы, ұқсастықтары. Сөз тіркесінің объектілері. Байланысу формалары мен тәсілдері, синтаксистік қатынастары мен түрлері, тіркесу қабілеті. Олардың әрқайсысының қалыптасуы туралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет