2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыру;
Сабақтың мақсаты
Барлықоқушыүшін: Ата мен немере диалогі. Отан, туған жер туралы əңгімелейді.
Оқушылардыңкөбіүшін: «Əке мен бала» жобасын жасайды.
Кейбіроқушыларүшін: Scratch-те кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыруды үйренеді.
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтің іс-əрекеті
Оқушыныңіс-əрекеті
Бағалау
Ресурстар
(Ұ) Ұйымдастырукезеңі (1-7мин.)
Сəлемдесу,оқушылардытүгендеу. І.Қызығушылықтыояту.«Арқағасуретсалу»ойыны Ойынның шарты: Бұл ойында барлық əрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің соңынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең соңында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мəселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомəшине т.б.).
Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына əлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған оқушының арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
Бұл ойын оқушыларға псиологиялық жағымды көтеріңкі көңіл күй орнатады.
Топтастыру
Топтастыру.«Төрттік»əдісі Сыныптағы оқушыларға «əке», «ана», «бала», «ата» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар əке, ана, бала, ата туралы əннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
Мақсаты: оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.
Тиімділігі: оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтастығы артады.