Психология және музыкалық білім педагогикасы Музыкалық білім психологиясы мен тұлға дамуы


Психологиядағы бұл жағдай шетелдік ғылымнан біздің ғылымды алшақтатып, бөлектеп тұрды



бет8/10
Дата07.01.2022
өлшемі27,39 Kb.
#16930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Психологиядағы бұл жағдай шетелдік ғылымнан біздің ғылымды алшақтатып, бөлектеп тұрды. Тек қана соңғы жылдары балалар арасындағы дарындылық мәселесі «көлеңке тұстан шығып», ғалымдар арасында үлкен қызығушылық тудыра бастады. Балалардағы қабілетті неғұрлым ертерек дамытса, оқытуда да олар соғұрлым айқын көрінеді. Балада қандай болмасын қабілет пен дағды болса, ондағы артықшылықты ерте жасынан дамыту қажет. Баланың белгілі бір әрекетке деген қызығушылығын одан әрі дамытып, қолдау бала өмірінің алғашқы жылдарында ол саналы түрде осы дамуды өзі қалағанша және ұмтылғанша жалғасуы керек. Ұзақ уақыт бойы кішкентай адамның тұлғасын мықтап дамытып қалыптастыра отырып, баламен бірге үлкен нәтижелерге жетуге талпыну керек. Демек, қабілеттілік – бұл еңбектің негізінде осы қасиеттерді өсіру, дамыту, қызығушылығын арттыру болып табылады.

Психологияның музыкалық білім беру педагогикасымен байланысы – ол адамды зерттеуі және оның музыкалық дамуындағы жалпы бағытының белгісі. Педагогика және психология ғылым ретінде жалпы ортақ сұрақтарды шешеді, оның ішінде: музыка адамға қалай әсер етеді? Әсерінің себебі неде? Музыкалық қабілет деген не, және музыкалық білім берудің ұжымдық не тұлғалық құралдардың даму мүмкіндіктері неде? Музыкалық икемділік пен дағдысының заңдылықтарының дамуы қандай: тыңдаушылық, орындаушылық және шығармашылық? Музыкалық мазмұнын баланың меңгеру барысында ойлау ерекшелігі, есте сақтауы, елесі және жас ерекшелігі мен жеке тұлғалығы қалай қолданылады?

Музыкалық білім беру жүйесіне байланысты ұрпақтық психологиялық қасиеттерінде, болмыстың ішкі психологиялық негізінде, қоршаған ортаның әсері және педагогтың ұйымдастыру қабілеті. Сондықтан педагог — музыкант музыка өнерінің заңдылықтарын біле тұра жалпы музыка дамуының заңдылықтарын да білуі қажет. Музыкалық психология аспектісін зерттеу барысында адам мен музыкалық мәдениетінің байланысын, мәдениет-антропологиялық және музыкалық-педагогикалық үйлесімін тұрақтайды.

Ал, ғылым, музыкалық өнерде, музыкалық іс-әрекетте психологиялық ерекшелігін (фактілер, болмыстар, заңдылықтар, механизм) зерттеу бірлігін, ол музыкалық психология. Сондықтан, айыра білу қажет: психологизм — әдіснамалық ұстаным, ал психологиялық ғылым — білім процесінің маңызды бұлағы. Қазіргі уақытта психология музыкалық білім беру теориясы мен практика қатынаста.

Басқадай заңды байланыс – музыкант-педагогтің әрекет байланысы мен оқушылардың музыкалық әрекеті нәтижесінің, тұлғаның дамуының арасындағы байланысы.

Психологиялық ғылым өз нұсқауына сүйене отыра, музыкалық білім беру процесінде келесі деңгейде дамиды: теориялықта, технологиялықта, әдістеме — дидактикалықта.

Музыкалық – педагогикалық теорияда – музыкалық-педагогикалық процес танымында психологтар және педагогтар өз жұмысында келесі түсініктерді қолданады: «музыкалық әрекет», «музыкалық қаблет», «музыкалық — танымдық процесс» (қабылдау, есте сақтау, ойлау т.б.). Ал, «музыкалық сезімді» және «музыкалық іс-әрекетті» музыкалық психология ішкі психологиялық негізін, оның құрылысын, психологиялық заңдылықтарының қалыптасуы және сезімнің қызметі музыкалық іс-әрекетінде қалыптасады.

Музыкалық білім беру педагогикасы принциптерді қалыптастырады, педагогикалық процесте оқушылардың музыкалық сезімін зерттей отыра, мақсатты түрде дамиды.

Психологиялық ғылым теория мен музыкалық білім беру практика арасындағы байланысты жалпығылымилық психологиялық принциптерін музыкалық іс-әрекет арқылы ашады. Психология принциптері — адам психикасының қалыптасу дамуының ерекшеліктерін түсіну, механизімнің қызметі. Психологиялық принциптер негізгі заңдарды шоғырлау барысында педагогикалық процесінде адамның психикасын зерттеу және педагогикалық процесте адам тұлғалығының қалыптасуы болып табылады.

Ал, механизм деген, психология мен музыкалық білім беру педагогиканың арасындағы байланысының қалыптасуы, өзіндегі жалпы психологиялық принциптерінің жүрісі мен музыкалық білім беру педагогикасының дидактикалық принциптерінің білім беру әдісіндегі оқуы; зертелетін пәндер ерекшеліктерін есептеу және осы ерекшеліктерді пайдалана жеке әдістерді еңгізу.

Сондықтан, оқушының музыкалық қабілетін дамыту барысында педагог – музыкант оқу процесін құрған кезде, келесі маңызды отандық психологиялық принциптеріне сүйенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет