Психологиядағы тұлға мәселесі Орындаған: Әбілқасым А


Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау



бет9/13
Дата06.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#14730
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау.

  • Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау.
  • Психологияда әлеуметтенуді біріншілік және екіншілік деп ажыратады. Екіншілік әлеуметтену еңбекті бөлісумен және оған сай біліинің таралуымен байланысты.Адам еңбек етудегі өзінің рөлін түсіне бастайды. Б.Г.Ананьевтің концепциясы бойынша әлеуметтену екі бағыты бар процесс ретінде қарастырылған, ол адамның тұлға ретінде және әрекет субъектісі ретінде қалыптасуын білдіреді. Мұндай әлеуметтенудің соңғы мақсаты-индивидуалдылықты қалыптастыру. Бұл жерде индивидуалдылық деп нақты тұлғаның даму процесін түсіну керек.
  • Әлеуметенумен бір уақытта өтетін процесс- инкультурация. Егер әлеуметену дегеніміз-әлеуметік тәжірибені меңгеру болса, инкультурация дегеніміз- индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетті, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдеріндегіадам әрекетінің рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл прцестер бір-бірінен қалып қоюы мүмкін. Адам мәдениетті табыспен игерсе, оның әлеуметтік тәжірибесі жеткілікті деп айту дұрыс емес және керісінше.
  • Тұлға дамуының теориясының негізгі мәселелерінің бірі- тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуализация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы деп саналады.Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген қазіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр.Мысалы, ол гуманистік психологияда және акмеологияда басты орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет