Ұлжанның құдасының ауылына аттануы қалай суреттелген? Ұрын келу, ұрын
бару салты туралы еске түсіріңдер.
«Ас беру» дегенді қалай түсінесіңдер? Ол шығармада қалай суреттелген?
Қазіргі замандағы «ас беру» қалай өтеді?
Қияда
Абай үйленгелі бірнеше жыл болды. Ділдә түскен жылдың келесі көк-
темінде бұлардың үлкен баласы Ақылбай туды. Екі жыл өткенде, Күлба-
дан деген қыз туды. Ол бүгінде бірден асты. Қазір Абай үшінші баланың
әкесі болғалы жүр...
Ең алғаш 17 жаста Абай әке болды...
...Абай бір топ кісімен үйге кірді. Тыста боран... Үйге шұбатыла кіріп,
мол аяз алып келді...
163
Бұл қонақтар Абайдың қазіргі уақыттағы жолдастары, жас жігіттер:
Ербол, Жиренше, Асылбек және Базаралы болатын.
Орталарындағы үлкені – Базаралы. Сол төрге шығып, шешініп отыра
беріп:
– Жаным-ау, мына Құдайдың күні қайтеді? ...Жұтатты-ау, ақсүйек қып
жұтатты-ау ел сорлыны! – деп, уайым айтып, ұзын қара сақалын ұстап,
ойланып қалды...
«Жұттан аман қалар ел бар ма? Қазірде тың тұяқ тұрған кімдер?» дес-
кен уақытта, Базаралы:
– Ат төбеліндей аз ауылдар аман болар. Ырғызбай, Көтібақ, Жігітек,
Бөкенші ішінде жақсы қыстау алып, жерді мол басқан ауылдар әзір қы-
сылған жоқ, – деді.
– Әсіресе, Ырғызбай іші аман. Қыстаулық жері сайлы. Күзден қалған
пішені де бар, – деп, Ербол жаңада өзі көрген жайларын айта бастады.
Бағанадан бері үнсіз ойланып отырған Абай:
– Жалғыз Ырғызбайдың амандығы кімге медеу, кімге дәрі? – деді.
Базаралы Абайдың бұл сөзін ұнатып қалды.
– Әйтеуір, күші бардың күйі бар болады екен. Құнекең әперген жер
Ырғызбайды сақтайтын көрінеді ғой!
Абай қабағын түйіп, жалт етіп Базаралыға қарап:
– Тәңір-ай, тартып алып, жетіскеннің несі сөз? Ырғызбайдың иемденіп
отырғаны жер ме? Көрінеу көздің жасы емес пе?
Асылбек пен Жиренше Абайдың мынау ашық сынына қатты сүйсініп,
күліп жіберді.
– Япырай, Абайжан-ай, көптің көңілінде жүрсе де, аузы бармайтын
сөзін өзің айттың-ау! – деп, бағанадан бері уайыммен отырған Базаралы да
жадырап қалды.
Бұл жігіттер Абайдың әр жайдан шындасып сырласатын досы есепті...
Жігіттердің осы әңгімесі аяқтала бергенде, аязды тыстан үш кісі кеп
кірді. Үстері қар, сақал-мұрттары сіреу болған. Алдыңғы келген сеңсең
тымақ, көне тонды, ұзын бойлы жолаушының кірпігіне шейін қырау тұ-
рып қапты.
Бұл келген Бөкенші Дәркембай мен соның екі кедей көршісі екен...
Абай шаруасын сұраған соң, Дәркембай іркілген жоқ.
– Шырағым, Абай, қарындасқа қайырымы бар бала деп естуші ем.
Сондықтан кеп отырмын. Болмаса, ана Тәкежандай десем, келмес ем...
Басыма күн туып кеп тұрмын. Мынау екі көршіммен үшеуміздің үй-
лерімізде жиыны 20-30-дан тұяқ бар еді. Сол азын-аулағымызбен бірге
164
пана таба алмай ығып, бүрісіп кеп отырмыз... жерімізде қылтанақ жоқ.
Қойларымыз бұралып бітті. Қазір, осы Мұсақұлға жеткенше, бес қой үсіп
өлді! – деді...
Абай Дәркембайдың жайын танып отыр.
– Дұрыс кепсің! Ал жая бер!..
– ...қарағым! Бірақ жаңа кеш бата, сол Мұсақұлға зорға кеп жетіп ек.
Алдымыздан Тәкежан шығып, қайта қуды. Қасында әлгі Жұмағұл дейтін
қаныпезер бар екен. Басымызға қамшы иіреді. Кет деп жатыр...
Абай Дәркембайдың осыдан арғы сөздерін тоқтатып, тез байлау жасап,
Ерболға қарап:
– Ербол, жылы киін де, атқа мін! Дәркембай, еріңдер мынаның қасына!
Осы арадан азық алып кетіңдер! Ділдә, тұр! – деп, Абай келіншегіне бұй-
рық етіп: – Мына кісілер ашықпастай қып, ет, азық әзірлете бер! – деді.
Ділдә лезде тұрып, шығып кетті...
– Тұр, Ербол! Менімен бірге жүр! – деді де, өзі шапшаң киіне бастады.
Жеңіл күпі кие сап, шарт буынып, қолына қамшы алды да, есікті қатты
ашып, атқып жөнелді. Ербол артынан кетті.
Қамшы алғаны үйдегілерге Абайдың атқа мінбек болғанын білдірді...
Бұл кезде Жұмағұл Дәркембайлардың елу-алпыстай азғана қойын шоқ-
тай иіріп, тірсекке сабап, қуып жүр... Осы кезде Абай ақырып жіберіп:
– Аш көзіңді, жауыз! – деді.
Жұмағұл Абайды тани берді...
Сонымен, дәл күн шыға бере, Құнанбайдың үш қорығына қарай жан-
жақтан мал шұбырды...
Жұт деген жоқшылық, қысталаң, апат деген осындай боп қақ қасына
келгенде, Абай ел тірлігінің барлық қайғылы сорын көрді...
Әрбір ауылдың үлкендеріне соңғы рет қайтадан соғып:
– Тоңғандарың мына тұс-тұсындағы ауылдарға барып, жылынып қай-
тыңдар. Бір-бір мезгіл ыстық ішіңдер. Осы қорықтарда отырған ауылдар-
дың бәрі де ағайын ғой. Қумайды. Жасқанбаңдар!.. – деді.
Онсыз да малдары үшін Абайға алғыс айтып жатқан кәрілер енді біржо-
лата жұттан құтылғандай көтеріліп қалды.
Абай осы бетінен аттан түспей, жортып отырып, үш қорықтағы бар қыс-
тауды аралап шықты...
Таңертеңнен тыным алмаған Абайлар Жидебайға екіндіде жетті. Кел-
се, шешелердің үйінде Тәкежан мен жорға Жұмабай тосып отыр екен.
Тәкежан түнделетіп шауып отырып, Құнанбайға жетіп, енді Қарашоқыдан
Абайға арнап бұйрық әкелген.
165
Абай Ұлжанның шақыртуымен үйге келді. ...Аш-арықты күтуге Абай-
дың шешесі кіріскен көрінеді...
Жұмабайдың айтуынша, Дәркембайды паналатқанды Құнанбай теріс
депті...
Тәкежан тырсиып, күйіп отыр еді. Ұрса жөнелді:
– ...Бір Дәркембай емес, қыруар елді қаптатыпсың! ...Ең әуелі мына
шешелеріңді де аштан өлтірерсің, бүйте берсең!
– Шешелерімнің қамын сен жемей-ақ қой, білдің бе? ...Барын ортаға
сала біледі. Халық көргенді бірге көрсе де, қабақ шытпайды... – деп, Абай
Тәкежанға қатты қадала қарады...
Тәкежанның бұдан арғы айтайын деген жауабын Ұлжан айтқызған жоқ.
– Жә, жетті! Болды енді екеуіңнің салысуың! – деп тоқтатып қойып, өзі
Жұмабайға бұрылды да:
– Сен енді қайта бер! Абай бұндағы аш-арық ағайынды шақырып қо-
йыпты. Біз болсақ, барымызды бөле жерміз. Әзір қысталаң жоқ. Біз үшін
қиналмасын ондағылар. Беріп жатқанымыз – өз сыбағамыз. Баласының
абыройын төкпесін, екі айтқызбасын елге! – деді.
...Абай күнұзын ат үстінде жүріп, қатты жүдеді. Қап-қара боп, тотығып
кетті.
Бірақ Дәркембайларға арналған еңбегі мен пейілі текке кеткен жоқ.
Елу ауылдың мың жарымдай қойы мен барлық ірі қарасы шетінен жан
сақтап, аман қалды.
* * *
...Күн әбден жылынды...
Зере науқасының келесі күні түнінде Ұлжан енесінен күдер үзе бастаған
болатын. Абайға айтпастан, Ұлжан Қарашоқыға кісі жүргізді. Сөйтіп, түні
бойы ұйықтамай күзетіп отырған келіні мен немересіне Зере таң алдында
ең соңғы рет көз салды...
Дене күші бітсе де, ойы сап-сау. Тек үні әлсіз.
– Өнегем... болса... тірлігімде көрсете алдым ба, жоқ па? Өсиетім бол-
са... құлағым, тілім барында айтып болдым ба, жоқ па? Қайтейін!.. Енді
қайтейін!.. Бүгін мынау әлім біткен шағымда, не дәме етесің екеуің!.. –
деді. Осы сөздерін көп қиналып, ұзақ айтып еді.
Сөйлету зорлық сияқты. Бірдемені айту да орынсыз. Абай екі қолын
төсіне қойып, әжесіне тағзым етті де, басын иді. Өзінше: «Бар жүрегімнің
құрметі, әулиедей ана, саған арналған» дегені. Сөйтіп, аз отырды да,
166
әжесінің екі қолын ұстап, кішкентай алақандарына бетін басты. Иіскеп
сүйіп отырғанда, бірнеше ыстық тамшылар да сол әлсіз жүдеу алақандарға
тамып еді.
Әжесі тағы да сыбырлап:
– Қарағым... жалғыз қарашығым! – деп, Ұлжан жаққа қарады да, –
анаңды күт! – деді.
Осыдан кейін тағы бір толастан соң:
– Ішімнен шыққан жалғыз еді ғой... Жалғызға топырағым бұйырсын! –
деді. Бұл сөзді, тіпті, ап-анық айтты да, қайтып үндеген жоқ... Жаңағы
айтқаны Құнанбай екенін Абай лезде түсінді. Сол сөзді бастай бергенде,
Ұлжан басын изеп: «Тыныш болыңыз, орындаймыз» дегендей белгі еткен.
Қадірлі ана осы таңға жетпей, қайтыс болды...
Осы таңертеңде Қарашоқыдағы, Шыңғыстағы көп туысқан да кеп жетті.
Алдымен келген Құнанбай, Күнкелер болатын. Қалған Ырғызбай да осы
күні түске шейін түгел келді...
Абай... Зерені қойып қайтқан күні кешке, әжесінің төсегіне отырып
алып, Құран аударуға кірісті. Анасының аруағына арнай тын дағдылы Құ-
ран хатымды молдаға оқытпай, өзі оқитын болды.
Бір жұма бойы сол Құранды екі аударып шықты...
Онысы – әжесінің адамшылық, аналық қасиеттерін жоқтау еді. Өз ішін-
дегі адал алғысын бағыштау да дұғалық, тілек есепті көрінетін...
Зеренің жетісі толып, Құран хатым болған соң, Құнанбайлар қайтып
кетті...
* * *
Ел ішіне сайлау келді деген хабар шығып еді. Жидебайда жатқан Абай-
ға Құнанбайдан шақырту келді.
...Қарашоқыдағы қыстауға келген соң, Абай ең әуелі әкесіне бармай,
Күнкенің үйіне кірді. Мұнда Абайдың ең жақсы көретін туысқаны –
Құдайберді көптен бері науқас болатын. Алдымен соған амандасып, жа-
йын білмек...
Құдайберді Абайдың қолын ұстап, қысып, сипап жатып:
– Жақсы келдің ғой! – деді.
Аурудың жүдеу қолын інісі қос қолымен ұстап, өзіне таман тартып кеп,
жүрегіне басты. Екеуінде де үн жоқ... Бірталайдан соң Құдайберді әлсіз
ғана үн қатты:
– Әкеңе кірдің бе? – деп еді.
167
– Әлі барғам жоқ. Әуелі сізге келдім!
Осы уақытта Абай келді дегенді естіп, қарсы үйден үш бала келіп, сәлем
берді. Үшеуі де Құдайбердінің балалары. Үлкені – он бір-он екідегі Шәке,
екіншісі – сегіз жасар Шұбар, үшінші – бұл екеуінен де кішірек, тоқалдың
баласы – Нұртаза.
Балалардың бәрін де Абай қасына шақырып алып, беттерінен сүйді...
Құдайберді Абайға үйірілген өз балаларын көріп, қобалжып кетіп, бетін
ірге жаққа бұрды.
Абай осы қозғалысты байқап, балаларды аз алдандырды да, үйден қайта
ұзатып салды. Науқастың қасына тағы кеп отырды.
Құдайберді есікке көзімен нұсқап:
– Адам бола ма?.. Болар ма? Інілерің, міне. Кім боларын... не көрерін
қайдан... білейін? – деді. Қоштасып жатқан сияқты.
Інісінің көзінен екі-үш тамшы жас ақты. Даусы да дірілдеп, жылаған-
дай шықты.
– Қарыздары мен болармын, Бәке! Әл-шамамның жеткенінше, қойным
менен мойнымда өсірермін!..
Құдайберді енді басқа сөзге ауысты да, екеуі жай ғана әңгімелесіп кетті.
– Әкеңнің сені неге шақырғанын білемісің, Абай?
– Жоқ, Бәке, әзір білгем жоқ.
– Ендеше бүгін сайлаушы төре кепті. Әкем Жақып аулына түсіріпті.
Мына жаңа орын – «болыс» деген бар дейді. Соған сені сайламақ. Ұқтың
ба? Не дейсің бұған?
– Өзіңіз не дейсіз? Маған не ақыл айтар едіңіз?
– Менің тілімді алсаң, – Құдайберді біраз ойланды да, – болма! Ұлық-
тық қасиет емес екен. Көзіміз жетті ғой. Бектік бұзады екен және түбінен
қайыр шықпайды, қарғыс шығады екен. Жас өміріңді зая қылма!
Абай өз жауабын ойлаған да жоқ.
– Айтқаныңыздың бәрі шын, Бәке!
– Тіленіп жүрген көрінеді ғой әкесінен. Анау Тәкежан-ақ боп, қарық
босын! – деп, Құдайберді тоқтап қалды.
Бұл кеште, ел жатқанша, Абай ағасының қасынан кеткен жоқ. Науқас-
тың тілегі бойынша домбыра алғызып, көп-көп күйлер тартып отырды....
Құдайбердінің сөзі рас. Құнанбай Абайды болыс сайламақ болатын. Сай-
лаушы төре келіп, кешелер Құнанбаймен көп сөйлескен болатын. Жаңа
болыс туралы мұның айтқанынан шығатын емес. «Жаңа закон, жаңа сай-
лау болады» дегеннен бері Құнанбай өзі енді ұлық болудан тоқталмақ...
Қайта болыс болмай, сыртқырақ отырса, бар Тобықтыға өз әмірі молы-
рақ жүрмек. Ол – бір.
168
Екіншіден, ел арасы бүгін қиындап барады. Мынау Балағаздар сияқты
тынышсыздық шықты. Онымен алысу керек... оларға қолы батыл тиетін
жасты салу керек... Билікті соларға артып, ақылы мен әмірін өзі тыныш
отырып жүргізеді.
Үшінші, Құнанбайдың жасы болса да, жетпіске тақап қалды. Енді ер-
жеткен баланың ішінен өз орнына кісі қамдайтын мезгіл жетті.
Осының бәрін іштей ойлап, таразыға салып келіп, жаңа болыстыққа
Абайды лайықтаған. Оның да бір есебі бар.
Абай әке тәрбиесінен сыртқары кетті. Қайта бар мінез, бар жүрісі оны
Құнанбайдың қасында отырған қатал сыншысы етіп барады. Соңғы жыл-
дар, әсіресе, солай боп келеді...
Әкесі тұрып, шай ішіп болған кезде Абай келді. ...Тәкежан Абайдан
бұрын келіпті. ...Құнанбай екі баласынан басқа кісіні үйден шығарды да,
сөзге кірісті...
Айтқан сөзінің бәрі де Абайға арналған сияқты. Өзінің қартайғанын
айтты. Жақсы-жаман өмірді алыс-жұлыспен өткізгенін ескертті... Әкенің
ұйғарғаны – Абай. Соның болуын мақұл көреді...
Абай ойланған кісі сияқтанып, аз үндемей отырып барып, ақырында,
тамағын қырнап алды да:
– Әке, сенгеніңізге рақмет! Ендігі міндетті бізге артқаныңыз орынды...
Жалғыз-ақ жаңағы сөзіңіз маған айтылса, мен өзім болыстық, ұлықтық-
тан бас тартам. Мезіретім емес. Әрі ағалық жолы бар, ебі де бар, ұсынған
орныңызға мына Тәкежан лайық. Осы болсын! – деді.
Абай осы соңғы сөздерін айта беріп, Тәкежанға көз тастады. Молда
пішін, мүләйім боп отырса да, Тәкежан қып-қызыл боп қуанып кетті...
Құнанбай Абайға қайта-қайта қадалды. Болмайтын себебін екі қайтара
сұрады.
Абай бір рет қысқа қайырып, «Бола алмаймын» деген еді. Бірақ әкесі
екінші рет салмақ салғанда, молырақ дәлел айтты. Халықты билеу үшін
адам өзі кәмелетке жету керек. Оған Абай өзін әзірмін дей алмайды...
Құнанбай бұл тұсқа келгенде, шұғыл өзгеріп, тез тайқып шықты. Сол
арада Тәкежанға бұйрық етті. Ол баласы оп-оңай «құп» деді.
...Ұлық болысымен, ең алдымен, әмірін елге танытпақ болған Тәкежан
бар күшін Балағаздарға салыпты...
Тәкежанның әскер әкелгенінен Абай жиренген болатын. Қалың елді
өрекпіткен сотқар қылықтарын Жидебайға келуші жұрттан есітіп, Абай
атқа мінген-ді.
Мұсақұлға келсе, Базаралы да сонда екен...
169
Абай Тәкежанның терістігін айтып, сөйлесіп көрмек еді. Ағасы: «Ара-
ласпа, килікпе» деп қатты серіпті. Осы кеңседе отырып, Абай бүгін әзір-
леніп жатқан қағаздарды байқады.
Барлық мөр, піргауар, қол мен таңбалар Жігітек жігіттерінің сорына
әзірленіп жатыр екен...
* * *
Абай мен Ербол қалаға кеп жатқалы бірталай күн өтті. Құнанбай бала-
лары қалаға келсе, Тінібек байдың үйінде жатушы еді. Семейге Абайдан
бұрын келген Тәкежан сол құданың үйіне түскен екен. Қасында Майбасар
мен тілмаш, атшабарлары бар. Қоршап жүрген топыры көп. Соны көріп
Абай мен Ербол Семей қаласының өз ішінен пәтер алды...
Жігітек адамдарының ісіне Абай Семейге келісімен белсене кірісті...
Тәкежан да есік-тесікті көп білмейді. Онысы Абайға мәлім. Бірақ оған
кіріс-шығысты оңайлататын кісі – Тінібек. Абай жақын арада сол Тінібек-
ке кісі салып:
– Тәкежан Құнанбай баласы болса, менің де жөнім сол. Біздің болыс осы
жолы абырой алатын, жақсы ат табатын іспен келіп отырған жоқ. Өзін де,
әкесін де жаманатқа ұшыратып, қарғыс алатын іске басты. Тінібек орын-
ды кезде болысқан. Бірақ дәл бұл жолы жалған намыс дегенді айтып, аға-
йынның обалына қалғалы отырған Тәкежанға болыспасын! Шын достық
ойласа, қайта тыюға себепші болсын! – деген.
Мұнысы – Тәкежан жағын әлсіретем деген іс... Осымен қатар Абай
істеткен бір жұмыс – адвокат жалдау. Облыстың үлкен адвокаты Ақбас
қазірде Балағаздардың ісін алып, жоқтаушылардан арыздар жиып, соны
өзі өңдеп жазып, тиісті жерлерге беттетіп жатқан.
Абай мен Ербол Ертіс жағасындағы жалғыз қабат тас үйдің терезесінің
алдына келіп тоқтады да, ішке кірді.
Ақбасты бұлардың алғаш көргені – осы. Бет ажарында оншалық кәрілік
белгісі болмаса да, шашы аппақ, сақал-мұрты бурыл кісі екен. Бойы зор,
бас бітімі ірі келген, келбетті. Түсі ойлы кісідей салқын...
Бұл үйде Ақбастан басқа қара мұрт, таңқы мұрын тілмаш отыр екен...
Ақбасқа Абай арыз ұсынды. Ерболмен екеуі қол қойып, Жігітек кісі-
лерін ақтаған екен. Бұлардың, әсіресе, арашалайтыны – Базаралы, Қаумен,
Үркімбай сияқты жандар.
Тілмаш арыз жайын айтып болған соң, Ақбас Абайдың аты-жөнін сұра-
ды. Жас жігіт өзін Құнанбаевпын дегенде, адвокат жалт қарап, таңданың-
қырады да, алдыңғы арыздарды қолына алып, бірдемені іздей бастады.
170
Оны таңдандырған нәрсе, болыс пен бұл жігіттің ортақ фамилиясы. Осы
жөнін айыра сұрап кеп, Абайдың Тәкежан болыспен туысқан екенін біл-
генде, адвокат, әсіресе, таңырқай түсті.
– Сенің туысқаның бұларды қуып отырса, сен кеп, ақтайсың да қорғай-
сың! Бұл қалай? – деді.
Абай тілмаштан ұғынды да:
– Рас, болыс – менің бірге туған ағам. Сондай жақын кісі болғандықтан,
қасында отырып, жаман істерін анық көріп, толық таныдым... Ұлық та
емеспін, ақы алған қуғыншы да емеспін. Жауапкер Қауменовпен бірде-бір
ілік жалғасым да жоқ. Мына жолдасым Ербол да солай... Егер ұлықтар,
соттар барлық істің хақиқатын білем десе, осы біз сияқты көлденең, қалыс
ағайыннан шындықты сұрау қажет деп білеміз... – деді.
Бүгінгі шаруаның үлкені – осы. Абай сөздерін Ақбас жақсы ұғынды.
Ұғынды да, Абайдың жүзіне ырза боп қарады...
Жаңағы арыз жөнінен Ақбас берген бірнеше сұрауларға жауап айтып
болды да, Абай тағы кітаптарға қадалды. Қайран боп, сүйсініп отырып:
– Шіркін, жасау мен жиһаз асылы мынау екен ғой. Жарастық қандай,
қасиет қандай! – деді.
Тілмаш Ақбасқа Абай сөздерін аударып берді.
Осы уақытта Абайдың көзі жақын жердегі жақсы мұқабалы бір топ кі-
тапқа түсті.
– Мынау закон кітабы ма екен? Не жайдағы кітаптар екен, ә?.. – деп,
ойлана сөйледі. Ол кітаптар Пушкиннің томдары еді...
Осыдан кейін Ақбас пен Абайдың кездесулері көп болды...
Тәкежандар тың адамдарды тоғытып жатқанмен, істің беті адвокат
кіріскелі дұрыстыққа қарай ойыса бастады...
Жігітек сүйінші тілеп, кісі шаптырып жатты.
Тәкежан осы хабарды білісімен, Абайға кісі салып: «Тыйылсын, бұл
қай қастығы?!» деп ашу айтқан екен. Абай:
– Біз ата-ананың алдында туысқан болысуға жарасақ, со да жетер. Мы-
нандай ажал аузына, қыл көпірдің үстіне ел-жұртты өзі айдап келген соң,
менен жөн сұрамасын!.. – деген.
Осы жауабын келтіріп, тағы да көп шағым айтып, Тәкежан Құнанбайға
кісі шаптырып еді. Әкесі Абайға: «Тез қайтсын! Болыс болмаймын деген
өзі болатын. Енді Тәкежанды ақсатпасын! Аяғын тартсын!» деп сәлем ай-
тыпты.
Бірақ бұл сәлем Абайдың барлық істі аяқтап қалған кезінде келді. Тоқ-
тата алған жоқ...
171
Ақбас пен Абайлар барды салып жүріп, көп жеңілдік тапты. Балағаздар
каторгаға бармайды. Үркітке жер аударылатын болды...
Абай енді елге қайтпақ еді. Соңғы рет Ақбаспен көріскелі келгенде,
қарт адвокат Абайға ақыл айтты:
– Сен жас болсаң да, ақылды адамсың. Халқыңа жаның ашиды екен...
Оның зор қасиет. Бірақ сол елің мен өзіңнің қамыңды шын ойласаң, білім
жарығына ұмтыл! Оқу ізде! – деді.
Бұл сөздер – Абайдың өз арманының дәл үстінен түскен сөздер.
– Оқуға жаным құмар. Бірақ қайтіп оқимын? Школға түсуге ұлғайып
кеттім... Басқа оқудың жолы бар ма? Ақыл айтыңызшы! – деген.
Адвокат көп мәслихат берді. Ең әуелі үлкейгендік бөгет емес екенін айт-
ты. Жасы қырыққа келіп те, білім іздеп, өз-өзінен ізденіп, ғалым болып
шыққан кісілер бар екен. Солардың аттарын атады. Және оқуды школға
түспей, оқуға болатынын да айтты...
Жидебайға келген соң, Абай көп бөгелген жоқ. Ділдә мен шешесінің
рұқсатын оңай алды...
Бұл шақтарда недәуір қартайып қалған Ұлжан баласының жүзінен көз
алмай, көп қарады...
– Заман сенікі, майдан сенікі. Соларыңның балуаны бол. Қай жолмен
жүрсең, мұратың орындалады. Оны енді бізден де өзің артық танитын бол-
дың. ...Жолың болсын! – деді.
Абай анасын бала күндегідей құшақтады да, үндемей қоштасты. Ербол
екеуі тысқа шығып, атқа мінерде, барлық ауыл ере шыққан. Дәл жөнелер
кезде Ұлжан ат үстінде тұрған Абайды өзіне қарай шақыртып алып:
– Абайжан, Тойғұлының аулына бара кет. Әкелерің құда түсе кетіпті.
Осы ауыл тегіс барсын деген екен. Мен қайдан сүйретіліп жүрейін? Бі-
рақ сен бармасаң, тағы да бізге ренжиді. Жолшыбай аз аялдап, кете бе-
рерсің! – деді...
Тойғұлы – Мамай руының үлкен байы... Қыз алатын – Құнанбай жағы.
Енді құда түспекке, қонақ боп қайтпаққа, сол Тойғұлы аулына Құнанбай-
лар барыпты.
Абай мен Ербол да келді...
Үлкендердің әңгімесі әр саққа соғып кеп, бір кезде заман мен заман
арасын салғастыруға ауысты. Қаратай өздерінің жас кезін айтып, әкелер
заманын еске алып кеп, бүгінгі заманның азғанын, бүгінгі адамның құнар-
сыз боп, жұтаң тартып бара жатқанын айтты.
Абай осы тұста мырс беріп күлді де, қиғаш сөйледі:
– Бұрынғы заманның жақсылығы со ма, қатар отырған бір туысқан ел-
дер бірін-бірі шауып, шаншып, сойқаннан арылмаушы еді... Алып кетеді,
172
жұлып кетеді деп, ылғи ғана жасанып жүруші едіңдер... Сол заман да
жақсы ма екен? – деген.
...Аздан соң ет желінді. Абай мен Ербол енді жүрмек боп, киіне баста-
ды. Құнанбай да тысқа шықты.
Шығысымен Абайды шақырып алды да, жақын жердегі тастақ төбешік-
ке кеп отырды. Әке мен бала оңаша. Көптен бергі бетпе-бет кездесулері –
осы.
Құнанбай салқын жүзбен, кінәлай қарады:
– Сен оқыдың да, білім алдың, ұстаз көрдің. Біз надан өстік. Бірақ сол
білімің жұрт алдында ата сыйлауды неге білдірмейді саған? Көп көзінше
таласып кеп, әкеңді сүрінткенде, не мұратқа жетпексің?
Әкесі жеңілгенін біліпті...
Осымен сөз біткен шығар деп ойлады. Бірақ әкесінің тағы да бір айтпа-
ғы бар екен. Ол азырақ бөгеліп отырды да, қайта сөйледі.
– Орайы келгенде айтармын деп жүр едім. Сенің басыңнан үш түрлі мін
көремін. Соны тыңда! – деді.
Абай:
– Айтыңыз, әке! – деп, Құнанбайдың жүзіне тура қарады да, тосып
қалды.
– Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барың-
ды арзан ұстайсың... Екінші, дос пен қасты сараптамайсың... Жұрт бас-
тайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйірілмейді. Үшінші, орысшыл-
сың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын
ескермейсің! – деді.
Бұл сөздердің түкпірін Абай оңай таныды. Жас жігіттің өз жүрегіндегі
нәрім мен барым деп жүргендеріне шабуыл жасалып отыр...
Бұл тұста әкесін аяп қала алмайды. Сөйлеп кетті:
– Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс
деп айтам. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жал-
ғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды,
құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық
санаймын. Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мі-
незін айттыңыз. Менің білуімше, ...Аяз бен боранда, жауын-шашында
топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз
жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға ала-
ды... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады... Үшінші,
орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы –
білім-өнер... – деді.
173
Құнанбай тыңдап болды да, күрсініп қойды... Сөз осымен біткен еді.
Абай қоштасты да, жүріп кетті...
Бұл уақытта Абайдың жасы 24-ке шыққан-ды. Көз алдынан өзі шегіп
өткен жылдардың бірталай күйлері шұбатылып өте берді. Байқап қараса,
өмірдің бірталай қат-қабатынан, шытырманынан, бел-белесінен өтіпті. Бір
шақта өрге басып, енді, міне, қияға қарай да өрлеп келе жатқан тәрізді...
Қияға қадам басқаны рас...
Достарыңызбен бөлісу: |