Күреңбай сыншы қай атқа сипаттама бергенін ойлап табыңдар. Аттың сипаттамасын өз сөздеріңмен жалғастырыңдар. 17. ... – көркем шығармадағы оқиға мазмұнын, мәнін оқырманға танысты-
ратын кіріспе бөлімі.
... – әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз бола-
тын өмірде болған адам, яғни өмірде бар бастапқы тұлға.
... – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу,
мазмұндау.
... – өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Оның негізі –
өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақ-
тығыс.
Көп нүктенің орнына тиісті атауларды тауып жазыңдар. 18. Нұрхан. Апыр-ай, Ғабит, мұнда біреу отыр.
Мүсірепов. Иә, отыр.
Нұрхан. Ау, жарқыным, кісілер келді үйіңе.
(Дыбыс жоқ. Естімеді). (Келіншектің иығынан тартады. Омырауын балаға тосқан күйі аңы- рып бері қарағанда, бесікте жансыз жатқан бала көрінеді). Ау, байғұс-
ау, не болды?
(Әйел оларды елемей, айдалаға қарайды). Мүсірепов (есікке тұра ұмтылып, көмекшілерді шақырады). Мұнда!
Тез!
(Бері бұрылып). Ей, ит озбырлық! Голощекин осыны көзімен көр-
мейді, а!
Нұрхан. Ол – кұдай! Көзін шел басқан құдайсымақ.
Мүсірепов. Мұндайды көрсе, рақаттана ма деп қорқамын.
Нұрхан. Онда анау ұлып жүрген қорқау қасқырдан несі артық?
Мүсірепов. Қорқау қасқырды табиғат о баста солай жаратқан. Голоще-
кин адам баласы ғой.
Нұрхан. Адамнан шыққан қорқаулар қасқырдан да қатыгез.
(Көмекші- лер кіреді). Әй, бәрібір, қатарға қосылмас.
(Келіншекті иығынан тар- тып). Күләнда, аман ба?
(Әйел тіл қатпай, аңырып шаңыраққа қарай- ды. «Көкіл» күйі күңіренеді). Мүсірепов (көмекшілерге). Бүкіл ауылдан бірінші көрген тірі адам,
өліктен айырмасы шамалы. Тамақ беріп көріңдер. Көрер жарық сәулесі
болса, тірі қалар.
(Әлдекімге кіжініп). Арсыздар!
(«Көкіл» күйі күңіре- неді).