ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢЛАУАЗЫМДЫҚМІНДЕТТЕРІ 2- ші кесте. Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері
Міндеттері
Мазмұны
Әлеуметтік- ақпараттық көмек
Балаларды әлеуметтік қамқорлық, көмек және қолдау, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер қызметі және олар көрсететін қызметтер спектрі мәселелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-ақпараттық көмек.
Әлеуметтік – құқықтық көмек
Баланың құқықтарын сақтауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық көмек, балалардың түрлі санаттарына құқықтық кепілдіктерді іске асыруға жәрдемдесу, балаларды тұрғын үй, отбасы - неке, еңбек, азаматтық мәселелер бойынша құқықтық тәрбиелеу.
Әлеуметтік – оңалту көмегі
Орталықтарда, кешендерде, қызметтерде және басқа да мекемелерде оған мұқтаж балалардың психологиялық, моральдық, эмоциялық жай-күйі мен денсаулығын қалпына келтіру бойынша оңалту қызметтерін көрсетуге бағытталған әлеуметтік-оңалту көмегі.
Әлеуметтік- экономикалық көмек
Жәрдемақы, өтемақылар, бір мезгілдегі төлемдер, балаларға атаулы көмек алуға, жетімдерді, балалар үйлерінің түлектерін материалдық қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық көмек.
Медициналық-әлеуметтік көмек
Ауру балаларды күтуге және олардың денсаулығының алдын алуға, кәмелетке толмаған балалардың маскүнемдігінің, нашақорлығының алдын алуға , тәуекел тобындағы отбасылардағы балалардың медициналық - әлеуметтік патронажына бағытталған медициналық-әлеуметтік көмек.
Әлеуметтік-психологиялық көмек
Бала дамитын отбасында және микросоциумда қолайлы микроклимат жасауға бағытталған әлеуметтік-психологиялық көмек, үй ортасындағы, мектеп ұжымындағы жағымсыз әсерлерді, қоршаған ортамен қарым-қатынастағы, кәсіби және жеке өзін-өзі анықтаудағы қиындықтарды жою.
Әлеуметтік – педагогикалық көмек
Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу құқығын іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға, қараусыз және қадағалаусыздықты тудыратын педагогикалық қателер мен жанжалды жағдайларды жеңуге, балалар тәрбиесінің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық көмек.
Әлеуметтік педагог сипаттамасына мынандай біліктілік қызметтер кіреді:
• "Білім туралы" Заңын,«Бала құқықтары» туралы Конвенцияны, нормативтік актілерді, білім беру мекемесінің ішкі тәртіп ережелерінде басшылыққа алу;
• мектеп жасындағы барлық балалардың есебін және оқушылар қозғалысын жүргізу;
• әкімшілікпен бірге әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың басым бағыттарын бөліп, әлеуметтік педагог жұмысының мазмұнына сәйкес балалармен және жасөспірімдермен, ересек контингентпен жұмыстың нақты міндеттерін тұжырымдау;
• оқушылардың құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдер қабылдауға кедергі жасау;
• өз құзыретілігінің шегінде мәселелерді қарау және шешімдерді қабылдау;
• үнемі өз біліктілілігін арттыру, жаңа құқықтық ақпаратқа ие болу, оқу орнында, отбасында балалар мен жасөспірімдердің мүдделерін қорғау, заң шығарушы және атқарушы органдарда балалардың мүдделерін таныстыру және қорғау;
• орындалған жұмысты жоспарлау және мерзімдері мен есеп беру формасын сақтап отырып тіркеп жазу, жұмыс нәтижелері туралы оқу орнының әкімшілігіне де, педагогикалық кеңесіне де есеп беру.