Құрамы мен қасиеттері Ас қорыту сөлерінің түрлері



бет3/11
Дата06.02.2023
өлшемі0,94 Mb.
#65595
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сөл бөлінуін тежейді:
Глюкагон, кальцитонин, ЖИП, ВИП, ПП, соматостатин



Желчь

Ас қорыту кезінде өт қапшығының жиырылуы есебінен ондағы кысым күрт артады, және ашық Одди сфинктері арқылы өттің он екі елі ішекке шығуы қамтамасыз етіледі. Өт бөлінуінің күшті қоздырғыштары сүт, жұмыртканын сарысы, магний сульфаты, майлар болып табылады. Тамак кабылдаған соң 3-6 сағаттан кейін өт бөлінуі төмендейді, өт кайтадан өт капшығына жинала бастайды. Өттің бөлінуі шартты және шартсыз рефлекстік түрде өтеді.
Өттің бөлінуін күшейтеді: өт қышқылдары, секретин
Тежейді: глюкагон, кальцитонин, ВИП, ПП

Кишечный сок (тонкая кишка)

Ішек сөлінің бөлінуі нейрогуморалдық жолмен өтеді.
Ас механо- және хеморецепторларды тітіркендіріп, сөл бөлінуі интрамуралдық жүйке жүйесінің қатысымен рефлекстік жолмен күшейеді



Кишечный сок
(толстая кишка)

Тоқ ішек сөлі аздаған мөлшерде ішек тітіркенуінен тыс байқалады. Оның жергілікті механикалық тітіркенуі сөл бөлінуін 8-10 есе үлкейтеді.



3Тапсырма. Кестені толтырыңыз «АІЖ-ның моторикасы»



АІЖ-ның бөлімдері

Моторлық қызметінің түрлері

Ауыз қуысы (шайнау, жұту)

Ауыз қуысында ас қорыту: Ауыз қуысына түскен ас ауыз қуысының рецепторларын тітіркендіреді. Тіл, жұтқыншақ, бет және үшкіл жүйкелердің афферентті талшықтары бойынша серпілістер дәм рецепторларынан сопақша ми және мидың басқа да құрылымдарының сәйкес алаңдарына келіп түседі. Ауыз қуысында ас аз уақыт тұруына қарамастан, орта есеппен 15 секунд, оның рецепторлары барлық ас қорыту жолдарына бастаушы әсер көрсетеді.
Ауыз қуысында астың механикалық өңдеуі жүреді және сілекей бездері секретінің көмегімен астың химиялық өңдеуі жүреді (құлак маңы, тіл асты, жақ асты бездері).
Жұту: Жұту циклы орта есеппен 1с болады. Тіл және жақ еттерінің бірдей жиырылуымен ауыз қуысында қалыптасқан ас кесегі тілдің түбіне карай жылжиды, жұмсақ таңдай, тіл түбі және жұтқыншақтың артық қабырғасының рецепторлары тітіркенеді. Қозу осы рецепторлардан тіл-жұтқыншақ жүйкесі бойымен сопақша мида орналасқан жұту орталығына түседі. Осы жерден үшкіл, тіл асты, тіл-жұтқыншақ және кезеген жүйкелер құрамында эфферентті
серпілістер ауызқуысының, кеңірдек пен жұтқыншақтың және өңеш қабырғасының еттеріне барады. Жұту актісі кезінде өңеш толқын тәрізді жиырылады, жоғары бөлігінен басталып, асқазанға қарай таралады. Жұту орталығы сопақша мидағы тыныс алу орталығымен қатар орн-қан және онымен реципрокты қатынаста болады.Жұту үш кезеңнен тұрады: ауыздық (ерікті), жұтқыншақтық (тез,қысқа, еркiсiз), өңештік (баяу, ұзақ, еріксіз). Алғашқы екі кезең 1с созылады, үшінші кезеңнің ұзақтығы қатты тамақ жұтқанда 8-9с, сұйық тамақты жұтқанда 1-2 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет