Есеп12.3. «ЖамбылГипс» ЖШС әрлеу жұмыстарымен айна- лысады. Ағымдағы кезеңде 120000 теңге (ҚҚС қосылмаған) әрлеу жұмыстарын орындады, 760000 теңге (ҚҚС қоса есептегенде) бояу, құрал саймандар, химиялық қоспалар сатып алды.
Табу керек:
1. Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС сомасын анықтаңдар.
Есеп12.4. Құрылыс компаниясы 2636200 теңгенің (ҚҚС қосылмаған) жұмысын орындады, 125000 теңгеге кірпіш, 312000 теңгеге жанар-жағар май сатып алды, 265000 теңге коммуналдық төлемін жүргізді,телефон қызметіне-25600 теңге, іс-сапар шығындары – 96300 теңге. Қызметтер үшін шот-фактуралары тіркелген.
Табу керек:
1. Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС сомасын анықтаңдар.
Есеп 12.5. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының меншігінде 230 га. ауданды алып жатқан жер телімі бар. Бонитет балл 43, жер жазық аймаққа жатады.
Табу керек:
Салық ставкасын анықтап, жер салығын есептеңдер.
Төлеу мерзімдерін көрсетіңдер.
Есеп12.6. ЖШС-нің меншік құқығында жалпы көлемі 2,5 га. болатын жер телімі бар. Бұл жер телімі Алматы облысында орналасқан. Бонитет балы – 40, ставкасы 24,12. Сонымен қатар бұл жер учаскесі орналасқан поселкісінде жер салығын есептеу үшін базалық ставка 0,96 теңгеге тең.
Тапсырма:
1. Жер салығын есептеңдер.
Есеп12.7. Volga – Gas 3105 маркалы автокөлігі 2005 жылы шығарылған. Двигателінің көлемі 3400 текше см.
Тапсырма:
Көлік құралына салынатын салық сомасын анықтаңыз;
Бухгалтерлік жазу беріңіз.
Есеп12.8. Фирма балансы бойынша келесі көлік құралдары бар (12.2-кесте).
Кесте 12.2
Р/с
№
Көлік құралының
түрі
Двиг.көлемі, жүк көтергіштігі, отыру
орнының саны және т.б.
Шығарылған жылы
Көлік құралдары-
ның саны
1.
Ауди
200 куб.см.
1999
1
4.
Волга
2500 куб.см
1995
2
5.
Автосамосвал
43 тонна
2009
3
6.
Автобус
24 отыру орны
2001
1
7.
Мотоцикл
50 кВт
2005
2
Тапсырма:
Көлік құралдарына салынатын салық сомасын есептеңдер;
Фирманың көлік құралдарына салынатын салық сомасын төлеу мерзімін анықтаңдар.