Разноцветная Простая Урок Естественных Наук Образование Презентация


«Халықаралық термин» ұғымына анықтама



бет3/8
Дата07.01.2022
өлшемі490,99 Kb.
#18158
1   2   3   4   5   6   7   8
«Халықаралық термин» ұғымына анықтама

Қазақ ғалымдарының халықаралық сөзді жатсынуы

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының бас кезіндегі қазақ оқығандары өзге тілден қабылданған сөздерді «жат сөздер», «кірме сөздер», «бұратана сөздер», «бөгде сөздер», «қотыр сөздер», «бұралқы сөздер» деп атап, бұл сөздердің тілімізге көптеп кіруін тілімізді шұбарлау ретінде қабылдады. 

Нəзір Төреқұлұлы «Жат сөздер» деген кітап жазса, Қошке Кемеңгерұлы «Қотыр сөздер» деген мақала жазды. Өзге тілдерден енген сөздерді төл сөздеріміздей көрмей, оларды бөтенсініп жат, кірме, бөгде, қотыр, бұралқы, бұратана деген анықтауыштармен беру тіл тұтынушыларының, зиялылардың бұл сөздерге деген сол кезеңдегі көзқарасын білдіреді.  

30-жылдардан бастап бұл атауларға «интернационалдық терминдер», «халықаралық терминдер» деген ат беріп, мұндай атаулардың көптеген халықтардың тілдеріне ортақтығын, ғылым-білім саласындағы қарым-қатынасты жеңілдететіндігін баса айта бастадық дейді Ш.Құрманбайұлы Жалпы тіл білімі деңгейінде «халықаралық» деп аталғанымен, ол терминдердің латын, грек, ағылшын, неміс, француз сияқты т.б. тілдік ықпалы басым тілдерден жасалғаны белгілі.«Халықаралық» терминдер мəселесі қазақ терминологиясында соңғы уақыттар еншісінде пайда болған мəселе емес, ХІХ ғасырдың соңына — ХХ ғасыр бастау алып, толық шешімін таппай келе жатқан мəселеге жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет