Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет13/50
Дата11.10.2023
өлшемі490 Kb.
#113593
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ
Тапсырма N 1. Алдын-ала алынған қарапайым қант шырынынан алтей шырынын алу үшін лабораториялық регламент құрастырып, технологиялық және аппартуралық схемасын сызыңыз. Оқытушының тапсырмасы бойынша 40-60 (г) қарапайым қант шырынын, 40-60 (г) алтей шырынын алу үшін қажетті бастапқы заттардың мөлшерін есептеңіз.
Тапсырма N 2. Қарапайым қант шырынын дайындау, МФ Х бойынша (615-бет) оның стандартизациясын жүргізу, салмағын анықтау. Алынған қант шырынының салмағына қарай алтей шырынын дайындау үшін алдын-ала есеп жүргізу, алтей шырынын дайындау, МФ ІХ (453-454 беттер) бойынша стандарттау, бөлшектеу, орамдау, безендіру. Дайын өнімді оқытушыға тапсыру.
Тапсырма N 3. Алтей шырыны өндірісінде материалдық балансты және технико-экономикалық көрсеткіштерді келесі сатылар бойынша есептеңіздер: қарапайым қант шырынын дайындау, алтей шырынын дайындау. Регламентті соңына дейін толтырып, оқытушыға қол қойдыру керек.


Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмыс, ауызша сұрау, регламент безендіру, есептер шығару.


Әдебиет
Негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

  3. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

  4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.

  5. МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.

Қосымша:

  1. Лекциялық материалдар.

  2. “Фармацевтический бюллетень”, “Фармация Казахстана”, “Фармация”, “Химико-фармацевтический журнал” және т.б. журналдар.

  3. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.



Бақылау:
Бақылау сұрақтары:

  1. Шырындарға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіздер.

  2. Медициналық практикада шырындардың қандай түрлері қолданылады?

  3. Қарапайым қант шырынын қандай әдіспен алуға болады?

  4. Сапалы фармакопеялық қарапайым қант шырыны сақтау кезінде неге микробтық зақымдануға ұшырамайды?

  5. Қарапайым қант шырынын талдау үшін МФ ССРО Х басылымы қандай әдіс ұсынады?

  6. Қант шырынын қайнату барысында температуралық режимнің бұзылуы оның қасиетіне қалай әсер етеді?

  7. Дәрілік препараттарды (тұндырмалар, құрғақ және қою экстрактілер т. б.) қант шырынының құрамына енгізу үшін қандай технологиялық әдістер қолданылады?

  8. Қандай шырындардың құрамына және қандай мақсатпен этил спирті қосылады?

  9. Дәрілік шырындардың сапасын қандай көрсеткіштер бойынша бағалайды?

  10. Шырындарды қалай орамдап және сақтау қажет?

  11. Жылу процесі дегеніміз не? Жылу берілу процесінің қозғалтқыш күші болып не табылады? Жылу қандай әдістермен таралады?

  12. Жылу өткізгіштік, конвекция, сәулелену дегеніміз не? Олар қандай заңға бағынады? Олардың физикалық мәні қандай? Күрделі жылу алмасу дегеніміз не?

  13. Қандай жылу тасымалдағыштарды білесіздер? Қысқаша сипаттама беріңіздер.

  14. Неліктен жылу көзі ретінде су буы көп қолданылады? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  15. “Өткір және қатаң” булардың қолданылуы.

  16. Жылу алмастырғыштардың қандай түрлері және қандай жағдайда сұйықтықтарды қыздыруға, буландыруға қолданылады?

  17. Салқындату дегеніміз не? Қандай салқындатқыш агенттерді білесіздер? Олар қандай жағдайда қолданылады?

  18. Конденсация дегеніміз не? Ол қандай аппараттарда жүргізіледі?

  19. Конденсаторлардың қандай түрлері белгілі? Олар қандай жағдайда қолданылады? Ерекшеліктері қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет