Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет24/50
Дата11.10.2023
өлшемі490 Kb.
#113593
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
СТУДЕНТТЕРДІҢ тәжірибелік ЖҰМЫСЫ
Студенттер жеке лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындауы керек және берілген ситуациялық есептерді шешуі тиіс.
Тапсырма N1. Оқытушының тапсырмасы бойынша берілген бір тұндырмаға лабораториялық регламент құру және өндірістің аппаратуралық және технологиялық схемасын жазу. Сығындауға қажетті этил спиртін есептеу және талаптама жазу.
Лабораториялық жұмысты орындауға арналған тұндырмалар номенклатурасы:

  1. Долана (боярышник) тұндырмасы (1:10) 70% спиртте;

  2. Сасықшөп (пустырник) тұндырмасы (1:5) 70% спиртте;

  3. Қырмызыгүл (календула) тұндырмасы (1:5) 70% спиртте;

  4. Шайқурай (зверобой) тұндырмасы (1:5) 40% спиртте;

  5. Жусан (полынь) тұндырмасы (1:5) 70% спиртте.

Тапсырма N 2. Құрылған регламент бойынша 10-15 г. өсімдік шикізатынан тұндырма дайындау. Оны центрифугалау немесе 7 тәулік бойына қараңғы жерде тұндыру арқылы тазартамыз.
Тапсырма N3. Өткен сабақта алынған тұндырманы фильтрлеу арқылы немесе центрифугалау арқылы тазарту.
Тапсырма N4. Тұндырмаларды келесі көрсеткіштер бойынша стандарттау:

  • сыртқы түрі мен органолептикалық қасиеттерін сипаттау;

  • тұндырмадағы этанолдың мөлшерін қайнау температурасы бойынша анықтау;

  • құрғақ қалдықты анықтау.

Тапсырма N5. Өңделген шикізаттан спирт-рекуператты әртүрлі әдістермен алу:

  • шротты 3-5 есе дистилденген сумен жуу;

  • қатаң бумен айдау және оны талдау, яғни қайнау температурасы бойынша рекуператтағы этанолдың мөлшерін анықтау.

Тұндырманы және спирт-рекуператты жеке-жеке безендіріп, оқытушыға тапсыру.
Тапсырма N6. Материалдық баланс құрастырып, технико-экономикалық көрсеткіштерді өңделген өсімдік шикізатынан алынған спирт-рекуператты есепке ала отырып шығару.
САСЫҚШӨП ТҰНДЫРМАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫНАН МЫСАЛ
Сасықшөп тұндырмасы (1:5) қатынасында 70% спиртте жылдамдатылған мацерация әдісімен дайындалады.

N

Бастапқы шикізат атауы

N ОСТ немесе фармакопеялық мақала

Техникалық және сауда мәліметтері

Сандық көрсеткіштері

1.

Сасықшөп шөбі

МФ Х, 688 бет

Сасықшөп тұндырмасын дайындау үшін

70% спиртпен сығындалы-натын экстрактивті заттардың мөлшері 1%, 4% кем болмауы керек.

2.

Этил спирті 70%

МФ Х, 631 бет

- // - // -

Тығыздығы 0,782-0,808 г/см3

3.

Дистилденген су

МФ Х, 73 бет

- // - // -

Тығыздығы 1,0 г/см3

Сасықшөп тұндырмасы (1:5) қатынасында 70% спиртте жылдамдатылған мацерация әдісімен дайындаудың схемасы.


ШИКІЗАТТЫ ЖӘНЕ ЭКСТРАГЕНТТІ ДАЙЫНДАУ.
Шикізат-10 г., экстрагент –70% этанол 50 мл, 1:5 қатынаста.
1-мацерация(1-тұндыру) - 1 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі;
2-мацерация(2-тұндыру) - 2 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі;
3-мацерация(3-тұндыру) - 3 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі;
4-мацерация(4-тұндыру) -4 бөлік құю дайын өнім көлемінің 1/4 бөлігі шикізатты сығындаумен бірге.
Сығындыны қараңғы жерде 7 тәулік тұндыру.
Дайын өнімді фильтрлеу------- мл.
Стандарттау. Тұндырма-------- мл.
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
Өсімдік шикізатын дайындау: белгілі дәрежеге дейін ұнтақталған өсімдік шикізатының қажет мөлшерін 6-12 сағат бойы 1-2 есе экстрагент мөлшерімен жібітіп, ісіндіреміз. Перколятордың төменгі тесігін ішінен мақтамен жауып, шикізатты аздап нығыздайды.
Экстрагентті дайындау: тұндырманың берілген мөлшерін дайындау үшін қажетті спирт мөлшерін спирт сіңіру коэффициентін есепке ала отырып, келесі теңдік бойынша шығарады:
Х = а+РК
Бұл жерде :
Х – экстрагент мөлшері (мл)
а - алынатын тұндырманың мөлшері (мл)
Р –бастапқы шикізаттың мөлшері (г)
К – спирт сіңіру коэффициенті (сасықшөп үшін К=2).
Керекті концентрациядағы сулы спирті ерітіндіні алу үшін күшті спиртті сұйылту жолымен формула бойынша жүргізіледі.
Х =Y
Бұл жерде:
Х –сұйылтуға арналған спирт мөлшері, мл
Y – қажет концентрациядағы спирт мөлшері, мл
a- сұйылтылған спирт концентрациясы, м%
b – сұйылтылатын спирт концентрациясы, %
Толтырылған перколяторға экстрагенттің қажетті мөлшерін құяды да (“айна” пайда болғанша), 24 сағат тұндырады. Содан соң дайын тұндырманың сығындысын алады, оның көлемі жалпы тұндырманың көлемінің 1/4 бөлігін құрайды. Перколяторға 1,5 есе көп экстрагент мөлшерін құйып, 1 сағаттан кейін тұндырманың 2 - сығындысын дәл осындай мөлшерде алады. Экстрагенттің 1 есе мөлшерін тағыда құйып, 1 сағаттан кейін 3 - сығындыны алады да, перколяторға 0,5 есе экстрагент құяды. 1 сағаттан соң 4 – сығындыны алады. Шикізатты сығып алады. Барлық сығындыны біріктіріп, алынған сығындыны келесі сабаққа дейін тұндыру үшін тығыз жабылған сарғыш түсті құтыда, + 8 0 С жоғары емес температурада балласты заттардың тұнуы үшін (7 тәулікке) қалдырады (спирттік тазалау).
Ескерту: Экстракциялаудың аяқталғанын, яғни материалдың толық сығындалғанын келесі тәсілдермен анықтайды:
а) сұйықтықтың түссізденуі бойынша;
б) меншікті салмақтың айырмашылығы болмауы және таза экстрагенттің жоқ болуы бойынша;
в) әсер етуші заттарға жүргізілген сынаманың теріс нәтиже көрсетуі бойынша;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет