Рецензиясы 1 Зерттеу тақырыбының өзектілігі, оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен байланысы


Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар аясындағы ғылыми нәтижелер



бет2/3
Дата14.06.2023
өлшемі54,5 Kb.
#101243
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
2 Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар аясындағы ғылыми нәтижелер
Гүлнұр Кәукенованың зерттеу жұмысында психологиялық-педагогикалық еңбектерді талдап, оқушыларында адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу негізін әр түрлі қырлары жан-жақты қарастырған.
Магистрлік диссертацияда зерттеу әдістер кеңінен қолданыла отырып, зерттеудің ғылыми нәтижелерін білім беру саласында педагогикалық қызмет көрсету, ғылыми жұмыстар жүргізу; оқу практикаларын ұйымдастыру; педагогтардың білім жетілдіру курстарында қолдануға болады.
3 Диссертацияда тұжырымдалған магистранттың ғылыми нәтижесінің, қорытындыларының дәлелдігі мен деректілігі
Эксперимент бағдарламасының психологиялық мақсатқа сәйкестігімен, теориялық тұжырымдардың тәжірибеден алынған нәтижелерімен үйлесімді. Олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерумен, оны іс-жүзіне ендірумен, алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдау жүйесінің өзара байланыстығымен және стандартты математикалық-статистикалық әдістерін қолданумен қамтамасыз етіледі.
4 Диссертацияда тұжырымдалған магистранттың әр ғылыми нәтижесінің, қорытындыларының жаңалығының деңгейі
Магистрант адамгершілік тәрбиесінің құралдарын қарастырды: ата-ананың, ұстаздың, жолдастың үлгісі, оқушылардың адамгершілік мінез-құлықтағы нұсқаулары, әңгімелері, жаттығулары; азғындыққа, жалқаулыққа, ойсыздыққа, тәртіпсіздікке қарсы күресу. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде жағымды әдеттерді дамытудың маңызы зор. Ғылыми-зерттеу жұмысы қорытындыланып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесі өңделді, алынған нәтижелер қорытындыланып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалды. Магистрлік диссертациялық жұмысты рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.
5 Диссертацияның негізгі қағидаларының, нәтижелерінің және қорытындыларының толық басылуының дәлелдігі
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері 1 басылымда жарияланған, олардың ішінде 1 халықаралық ғылыми конференциялар материалдарында мақала тақырып аты: «Сынып жетекшісінің қызметі бағытынада адамгершілік құндылықтар» «МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ҰЛТ ӨРКЕНИЕТ» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағында жарияланды. 455-458 беттер, (Семей, 1 сәуір 2022 ж.) / Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетің басылымында жариялаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет