Редактор: Закия Махитжанқызы


ҚұРАННЫң  МЕйІРІМ  ТІЛІНЕ



Pdf көрінісі
бет111/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   293
ҚұРАННЫң  МЕйІРІМ  ТІЛІНЕ

үйРЕНШІкТІ  БОЛу...

Құранның  даналығы  мен  сырлары  теңіздей  терең. 

Бірақ,  әркім  одан  өз  жүрек  тереңдігі  деңгейінде  пай-

даланады.  Адамның  жүрек  қабілеті  тігіншінің  ойма-

ғындай кішкентай болса, оның шексіз дариядан алатын 

нәсібі  де  сол  мөлшерде  болады.  Халық  та,  ғалым  да, 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



165

барлық  мүминдер  бір  Құран  оқиды,  бірақ  әрқайсысы 

өз  жүрек  қабілеті  мөлшерінде  үлесін  алады.  Құран-

ның  мағынасы  құлдың  Аллаһқа  жақындығына  қарай 

ашылады.

Сондықтан  өзімізден  сұраумыз  керек:  барша  әлем-

дерді  жоқтан  бар  еткен  Жаратушымыздың  біздерге 

жіберген  хаты  болған  Құранға  қызығушылығымыз  бен 

байланысымыз  фәнилерден  келген  хаттармен  салыс-

тыруға болмайтын дәрежеде жоғары деңгейде ме? Оны 

қаншалықты оқып, мағынасын түсініп, даналығына же-

те  білуге  тырысамыз?  Түсіне  алмағандарымызды  біле-

тіндерден  сұрап,  оның  мазмұны  мен  қамтыған  терең 

мағыналарын түсініп жатырмыз ба?

Міне, осы сияқты сұрақтарға нақты жауап бере ал-

ған кезде Құранның мейірім тіліне лайықты бола аламыз.

Дүниелік  күнкөріс  пен  атақ-мәнсапқа  бола  шет  ел 

тілін үйрену үшін көрсетілген қажыр-қайратты ойлайық. 

Әсіресе бүгінгі күнімізде жаһанданған бұл дүниеде өмір 

сүріп жүрміз. Сондықтан шет тілін үйрену үшін арнайы 

дәрістерге барып, үлкен қаржы жұмсалады, тіпті өмір-

дің бір бөлігі сол тілде сөйлейтін өлкелерде өтеді. Тіпті 

бұл іс үлкен сауданың ерекше көзіне де айналып кетті.

Әлбетте,  тіл  үйрену  жақсы  нәрсе.  Бірақ  барлық 

тілдерді  жаратушы  және  иесі  олардың  Аллаһтың  біз-

ден, құлдарынан адамзат абыройы мен қастерлігін қор-

ғай  өмір  сүруіміз  үшін  алдымен  үйренуімізді  қалаған 

тіл  –  «Құран  тілі».  Бұл  жай  араб  тілін  үйрену  емес, 

Құран  ұсынған  СӨЙЛЕУ  МӘНЕРІ



Құранның  мейірім  тілімен  сөйлесе  білуді  үйрену.  Бұ-

ның  жолы  алдымен  Құрани  ескертулерге  қарай  тілімізді 

түзетіп тәрбиелеу. Кейін иләһи тағылыммен оны әсемдеу.

Бүгінгі  күнде  адами  қарым-қатынастарда  туындап 

жатқан  көп  мәселе  тілдің  қате  қолданылуынан  шыға-

ды.  Тілдің  жақсылық  кілті  бола  алатыны  сияқты, 

дұрыс  қолданылмағанда  жамандыққа  да  кілт  бола  ала-

ды.  Сондықтан  тіліміздің  жүректерге  бататын  тікен 

болмауына  өте  мұқиятты  болуымыз  қажет.  Бабалары-

мыз «Қылыш жарасы оңалады, тіл жарасы оңалмайды» 

деп бекер айтпаған.

Сондықтан  сөйлемей  тұрып  ойлану,  сөздің  барар 

жерін  жақсы  білу  керек.  Өйткені  сөйлеу  –  қолға  тас 

алып лақтырса, ол тастың қайда түсетініне де мән беру 

керек.

Хазіреті Пайғамбар 



r

 бұл ақиқатты меңзей отырып:



«...кешірім сұрауды қажет ететін сөз айтпа!...» 

деген 


(Ибн Мәжә, Зүһд, 15)

.

Айтылған  сөз  садақтан  шыққан  оқ  сияқты  кері 



оралуы мүмкін емес. Адам сөйлемей тұрып алдымен өз 

сөзінің  иесі  болады.  Сөйлегеннен  кейін  оның  тұтқыны 

болады.  Айтпаған  сөзді  әрқашан  айту  мүмкіндігі  бар. 

Бірақ айтылған сөзді де үнемі қорғап, есебін беру керек.

Кәміл  мүминдер  алдымен  айтатын  сөзінің  қажет-

тілігіне,  яғни  пайдасына  мән  береді.  Сөздері  өздеріне 

немесе  айтатындарына  зиян  әкелетін  болса,  үндемеуді 

166


ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ


жөн көреді. Сонымен қатар қай сөзді қай деңгейде және 

қалай сөйлейтіндеріне мән береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет