Редактор: Закия Махитжанқызы


«Ей,  иман  келтіргендер!  Аллаһтан  шынайы



Pdf көрінісі
бет268/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

«Ей,  иман  келтіргендер!  Аллаһтан  шынайы 

(Оның  тәңірлік  абырой-данқына  лайық  боларлықтай) 



қорқыңдар  және  мұсылман  болған  халдеріңде  ғана 

өліңдер» 

(Әлү Имран, 102)

.

Сахабалардың ішінде зүһдімен, құлшылығымен ата-



ғы  шыққан  Осман  ибн  Маз’ун 

  Мәдинада  үммүл-



А’лә есімді бір әйелдің үйінде қайтыс болған. Бұл әйел:

«Ей,  Осман!  Куәлік  етейін,  қәзір  Аллаһ  саған  сый 

жасап жатыр» – дейді.

Аллаһ Елшісі 

r

 сөзге араласып:



«Аллаһтың  оған  сый  жасап  жатқанын  қайдан 

білдің?» – дейді.

Әйел:


«Аллаһқа ант етейін, білмеймін!» – дегенде, Аллаһ 

Елшісі 


r

 былай дейді:



«Қараңдар, Осман қайтыс болды. Мен өз атым-

нан ол үшін Аллаһтан жақсылық үміт етемін. Бірақ 

мен  пайғамбар  бола  тұра  маған  және  сендерге  не 

жасалынатынын  (яғни  бастарыңнан  қандай  күйлер 

өтетінін) білмеймін».

ِهِتاَقُت  َّق َح َ ّللا ْاوُقَّتا ْاوُنَمآ  َنيِذَّلا اَهُّيَأ اَي

  َنوُمِل ْسُّم مُتنَأَو َّلاِإ  َّنُتوُمَت َلاَو

ФӘНИЛІКТІ  ҰМЫТПАУ




402

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

Үммү А’лә:

«Аллаһқа  ант  етейін!  Бұл  оқиғадан  кейін  ешбір  адам 

жайында бір нәрсе айтпадым» – деген 

(Бұхари, Тәбир, 27)

.

Олай  болса,  кімнің  қандай  күйде  өлері  беймәлім. 



Артта  қалғандар  өлген  адам  жайында  нақты  бір  үкім 

беруден сақтануы керек. Тек ол үшін жақсылық жасап, 

дұға мен жақсы пікірде болу керек.

Хадис шәрифте:



«Адам өмір сүрген кейпінде өледі және өлген күйін-

де тірілтіледі» делінген 

(Мүнәуи, Фейзүл-Қадир, 5, 663)

.

Көбіне  осылай.  Бірақ  пайғамбарлар  мен  олардың 



сүйіншілегендерінен  басқа  ешкімнің  ақтық  дем  жайын-

да  кепілдігі  жоқ.  Яғни,  адам  сол  кезге  дейінгі  өмірінің 

дұрыстығына  және  жасаған  жақсылықтарына  сенбеуі 

керек. Тек сенілетін және пана ізденілетін жер – Аллаһ 

екенін  білу  керек.  Оны  разы  ететін  күйлермен  және 

амалдармен Оған жүгіну керек. 

Құлшылық  пен  салих  амалдарымыздың  дұғалары-

мыз  сияқты  қабыл  болуға  мұқтаж  екенін  ұмытпайық. 

Өйткені  құлдың  ең  маңызды  беймәлім  жағдайы  болған 

ақтық  демі  жайында  басқа  бір  хадис  шәрифте  былай 

айтылған:

«Бір  адам  ұзақ  уақыт  бойы  жәннаттықтардың 

амалын  жасайды,  соңында  амалы  тозақтықтардың 

ісімен  тәмамдалады.  Бір  адам  да  ұзақ  уақыт  бойы 



403

тозақтықтардың  амалын  жасайды,  соңында  амалы 

жәннаттықтардың  ісімен  тәмамдалады» 

(Мүслим, 

Қадәр, 11)

.

Хақ  досы  Әли  Бәккә  Хазіретке  «Бәккә»,  яғни 



«көп  жас  төгуші»  лақаб  есімінің  берілу  себебі  былай 

баяндалады:

Салих және өзі сияқты әулие бір досы бар болатын. 

Төтенше  күйлер  мен  кереметтер  иесі  болатын.  Бірде 

екеуі бірге сапарға шықты. Баратын жер жаяу жүргенде 

бір  жылдық  жол  еді.  Олар  кереметтерімен  бұл  жолды 

бір сағатта жүріп өтті. Досы оған: «Мен пәлен уақытта, 

пәлен  жерде  өлемін.  Сол  кезде  жанымда  бол!»  –  деп, 

өсиет етті. Бірақ ол досы ақтық демінде имансыз өлді.

Бұл оқиқаға куә болған Әли Бәккә онан кейінгі өмі-

рінде  Аллаһтың  ризалығына  жете  алмау  және  ақтық 

демінде иманын құтқара алмау қаупінен көп жас төгетін 

болды.

Сондықтан  ақтық  дем  мәселесінде  мүминнің  көңілі 



қорқыныш  пен  үміт  сезімдерінің  тепе-теңдігі  шеңбері 

аясында болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет