Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет44/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

Хазіреті Мәуләнә қандай тамаша айтқан:

«Айдың  қараңғы  түннен  қашпай,  сабыр  етуі 

оны  нұрландырады,  жарықтандырады.  Гүл  тікеннің 

жолдастығына  төзіп,  сабыр  сақтағаны  үшін  хош 

иісті де әдемі түсі болды».

Бүкіл  пайғамбарлар  өздеріне  иман  етпегендер 

мен  надандар  көрсеткен  жәбір-жапаға  төзіп,  сабыр 

сақтағандары  үшін  олар  Хақтың  ерекше  құлдары 

болды. Рухани тұрғыдан жеңіске жеткен сұлтандар 

сияқты болды».

«Сабырлы  бола  білсең,  ол  саған  қанат  болады 

да  биікке  көтерілесің!  Хазіреті  Мұстафаға  қара! 

Сабыр Оған Бұрақ болды, Миғраж болды, Сидрәтүн 

Мүнтәһә  болды  да  Оны  аспанның  арғы  жағына 

көтерді, Хақпен кездестірді».

Хазіреті  Пайғамбар 

r

 

Мырзамыздың  үмметіне 



деген  ынтықтығы  хақ  жолда  көрген  қиыншылықта-

рының  барлығын  ұмыттыратын.  Үмметінің  екі  дүние 

бақытына  кенелуі  жолында  ешқандай  қиындық  Оны 

9. Термези, Қиямет, 55/2507. 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



77

бездірмей,  үмметі  берген  қиыншылықтардан  титтей 

болса  да  шағымданбайтын.  Ол  әрқашан  Раббысына 

жалынып  «үмметім,  үмметім»  деп  үмметінің  кешірі-

луін сұрайтын. Өйткені Ол үмметінің мәңгі бақыты үшін 

өз рахатынан бас тартқан болатын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет