Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ) ‒ Жаңа Жамбыл
фосфор зауыты ‒ бұл сары фосфор мен құрамында фосфоры бар өнімдер:
термиялық ортофосфор қышқылын, натрий үшполифосфатын, натрий
гексаметафосфатын,
феррофосфор, түйіршіктелген
қож шығаратын
химиялық зауыт. Зауыт Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа
қарай 15 шақырым қашықтықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл
сілемінің терістік етегіне орналасқан.
Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар. Зауыт өндірісі үздіксіз жұмыс
істейді.
Жаңа Жамбыл фосфор зауытын 1971-1975 жылдары салу белгіленген
болатын. Зауыт соғатын құрылыс алаңы 1970 жылдың қыркүйек-тамыз
айларында анықталған еді.Зауыт жобасын негізгі химиялық өнеркәсіптің
(ЛенНИИГипрохим) Ленинград ғылыми-зерттеу және жобалау институты
жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |