Реферат «экг ні тіркеу және талдау қағидалары»


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата27.02.2023
өлшемі456,38 Kb.
#70205
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат «экг ні тіркеу ж не талдау а идалары»

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО 
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 
 УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ 
 
 
телеэлектрокардиографтар деп аталады және олар радиобайланыстың көмегімен 
ЭКГ-ны арақашықтыққа тарату принципіне негізделген. Осындай тәсілмен жарыс 
кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың және т.б ЭКГ-сы тіркеледі. 
Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік потенциалдардың телефон сымдары 
арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен үлкен қашықтағы арнайы орталықта тіркейтін 
құралдар жасалған. 
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік бір 
пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған бөліктері арасында 
пайда болатын электрлік күштік сызықтары дене бетінде бірқалыпты таралмайды. 
Сол себепті электродтардың орналасуы жеріне байланысты ЭКГ түрі және оның 
тістерінің вольтажы әртүрлі болады. 
ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың тіркелімі 
(тармағы) жүргізіледі. Әдетте үш түрлі стандартты тіркелім әдісі қолданылады:
І-тіркелім: оң қол - сол қол;
ІІ-тіркелім: оң қол - сол аяқ;
ІІІ-тіркелім: сол қол - сол аяқ . 
Сонымен қатар Гольдбергер бойынша үш униполярлы күшейтілген тармақтар 
тіркеледі: aVR; aVL;aVF. Стандартты тіркелімдерді тіркеу үшін қолданылатын екі 
электродты күшейтілген тіркелімдерді тіркеу кезінде біріктіріп, осы біріккен 
электродтар мен белсенді электродтар арасындағы потенциалдар айырмасы 
тіркеледі. Мысалы, aVR кезінде оң қолға байланған электрод белсенді болып 
табылады, ол aVL кезінде- сол қолға, aVFкезінде- сол аяққа байланған электрод 
белсенді болып табылады. Вильсон кеудеде 6 тіркелімді тіркеуді ұсынды 
Үш стандартты тіркелімдегі тістер шамалаларының өзара қатынасын Эйтховен 
тағайындаған. Ол II – ші стандартты тіркелімде тіркелген жүректің электр қозғаушы 
күшінің I- ші және III- ші тіркелімдердегі электр қозғаушы күштерінің қосындысына 
тең болатындығын анықтаған. Тістердің биіктігі ЭҚК-ң көрінісін (мәнін) 
анықтайды, сондықтан II- ші тіркелімнің тістері өзінің шамалары бойынша I – ші 
және III- ші тіркелімдердегі тістердің алгебралық қосындысына тең. 
Екінші электрод ретінде екі қолға және сол аяққа орнатылған бірге қосылған үш 
электрод алынады. Осы кезде ЭКГ түрі кеуде электроды орналасқан бөліктегі 
электрлік өзгерістерді ғана айқындайды. Аяқ-қолдарға (үшеуіне) орнатылған 
біріккен электрод индифферентті болып табылады , немесе «нөлдік», себебі оның 
потенциалы бүкіл жүрек циклі бойы өзгермейді. Осындай электрокардиографиялық 
тіркелімдер униполярлы немесе бірполюсті деп аталады. Осы тіркелімдер V латын 
(V1, V2 және т. б.) әрпімен белгіленеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет