Реферат пән: Физика Тақырыбы: Материалдық нүктенің механикасы, жылдамдығы, үдеуі Орындаған: тттиТ-11 с/п тобы Зия Ерасыл Тексерген: Тунгушбекова М. К. Жоспары



бет2/5
Дата02.05.2023
өлшемі124,29 Kb.
#88743
түріРеферат
1   2   3   4   5
1 Кейбір анықтамалар
Механика –механикалық қозғалыс заңдылықтарын және сол қозғалысты тудыратын себептерді зерттейтін физика бөлімі.
Механикалық қозғалыс- дененің уақыт өткен сайын кеңістіктегі басқа денелермен салыстырғанда орнының өзгеруі.
Механика кинематика және динамика болып бөлінеді. Кинематика денелердің қозғалысын тудыратын себептерді емес, қозғалысын зерттейді. Динамика денелердің қозғалысын тудыратын себептерді зерттейді.
Физикада денелер қозғалысының сипаттамасын жеңілдету үшін модельдер қолданылады.Модель негізгі және маңызды жағдайларды сипаттайды және маңызды емес нәрселерді қарастырмайды. Ең қарапайым модельдер- материалдық нүкте және абсолют қатты дене.
Материалдық нүкте деп - берілген есепте өлшемі мен пішінін елемеуге болатын денені айтады.
Абсолют қатты дене деп - берілген жағдайда деформациясын(өлшемі мен пішінінің өзгеруі) елемеуге болатын денені айтады.
Дененің кеңістіктегі орнын басқа бір кез келген қозғалмайтын дене арқылы анықтауға болады.
Шартты түрде қозғалмайтын деп есептелетін және соған қатысты дененің қозғалысы қарастырылатын дене санақ денесі деп аталады.Санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі мен сағат санақ жүйесін құрайды. Дене қозғалысы кеңістікте және уақыт өтуіне байланысты өтеді.Сол себептен санақ жүйесіне кеңістікте материалдық нүктенің орнын анықтайтын координаталар жүйесі және нүктенің қай уақытта сол орында болатынын тіркейтін сағат кіреді.


2 Материалдық нүктенің қозғалысының кинематикалық сипаттамасы
Әдетте дене қозғалысын сипаттау үшін декарттық координаталар жүйесі қолданылады. Декарттық координаталар жүйесінде А материалдық нүктенің орны xyкоординаталарымен немесе радиус-векторымен беріледі.

1.1 – сурет. Декарттық координаталар жүйесіндегі радиус векторы
Радиус-вектор деп – О координаталар басынан берілген нүктеге дейін жүргізілген векторды айтады. xyz осьтерінің бірлік орттарын  , ,  арқылы белгілейік. Сонда радиус-вектор

.

(1.1)

векторының координаталар осіне проекциясы берілген нүктенің декарттық xyz.координаталарға тең.
Қозғалыстағы материалдық нүктенің xyz координаталары және  радиус-векторы уақыт өткен сайын өзгереді.Сол себептен материалдық нүктенің қозғалысы үш скалярлық теңдеумен анықталады

,

(1.2)

немесе бір векторлық теңдеумен

.

(1.3)

(1-2) немесе (1-3) теңдеулері материалдық нүкте қозғалысының кинематикалық теңдеулері деп аталады.

1.2 –сурет. Жол және орын ауыстыру 1.3–сурет. Материалдық нүктенің жылдамдығы
Қозғалыстағы нүктенің кеңістіктегі сызған сызығы траектория деп аталады.Траектория формасына қарай түзу сызықты және қисық сызықты болады.
Траектория теңдеуі траекторияның кез келген нүктесінің үш координатасымен байланысты анықталады.Оны (1-2) кинематикалық теңдеуінен t алып тастауға болады.
Материалдық нүкте бір бағытта қозғалып, бір траектория бойымен 1 жағдайынан 2 жағдайына орын ауыстырсын.1 және 2 нүктесі арасында траектория бойымен жүргізілген ара қашықтық жүрілген жол немесе жол ұзындығы s деп аталады.
Қозғалып келе жатқан нүктенің бастапқы орны мен қарастырылып отырған уақыт мезетіндегі орнын қосатын вектор  орын ауыстыру деп аталады. Жол – скалярлы шама, орын ауыстыру – векторлық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет