Реферат пәні: Қазақстан тарихы


Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, ұлттық мерекелері



бет3/8
Дата12.03.2023
өлшемі57,28 Kb.
#73452
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Құрманғали Сержан (16-18ғғ))

2.Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, ұлттық мерекелері
Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Салт – дәстүр дегеніміз – халықтың ұстанымдарының жиынтығы. Салт-дәстүрлер мен ырымдар халыктың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде қалыптасып, халықтың ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Қауымдық ғұрыптарға наурыз тойы, құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б. Ал отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, қыз ұзату жатады. Отбасылық ғұрыптар сәбидің дүниеге келуінен бастау алады.
Келін түсіру: Келін түсіру (салт). Біздің халқымыз үшін де дүниедегі қызық пен қуаныштың ең бастысы осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта «тойдың болғанынан боладысы қызық» деген бар. Ал келін түсірудің өзі де, «боладысы» да қызық. Қазақ салты бойынша келінді ауылға көлікпен әкелмейді. Бір қырдың астына жеңгесімен бірге түсіріп кетеді. Ауылдың қыз келіншектері жас келіннің алдынан шығып, ешкімге көрсетпей шымылдық ішіне кіргізіп әкеледі. Ақ босағаны оң аяқпен аттайды. Шашу шашылады. Құтты болсын айтылады. Келінді шешесі, жеңгесі, сіңлілері ертіп әкеледі. Қуаныш, ырду, дырду, ойын сауық басталады. Шымылдық жиналған сәтте салтанатпен «Беташар» басталады.
Есік ашар: Есік ашар (дәстүр). Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата енесінің үйіне келеді. Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш яғни есік аша келуі дейді. Демек бұл жауапкершілігі мол, бұрын ел жұрт көрмеген күйеуді сынайтын келіс. Күйеу бұл жолы да кәде жорасымен, әдет салтымен келеді. Әзілқой жеңгелердің сын мініне де шыдайды. Ретін тауып жауап та бере алады. Ойын тойсыз, әзіл қалжыңсыз отырмайтын қазақ ауылы үшін күйеудің есік аша келуі де көңілді мерекеден кем болмайды. Мұнда да үлкен кіші бір жасап қалады.
Ерулік: Ерулік — жаңа көшіп келген көршілерге арналған ас. Оларды жергілікті тұрғындар жаңа ортаға тез бейімделу үшін өздеріне қонаққа шақырады. Ерулік көршілерді жақындастыру керек. Тағам жылқы етінен, қазы-қарта, жал-жая немесе қой етінен жасалады.

Құрсақ той: Құрсақ той, құрсақ шашу — келіннің аяғы ауыр екенін білген ене жақын туыстарын, көршілерін шақырып, мол дастархан жаяды. Бұл мерекенің мақсаты — тойлау және келінге көңіл бөлу.Үлкендер келінге бата беріп, абысындар өз кеңестерімен бөліседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет