2.2 Саяси режим
Саяси режим – бұл қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуінің нақты механизмі. Саяси режимнің мәнін, мазмұнын анықтау арқылы саяси жүйенің сипаты мен типін дәлме-дәл және пәндік бағалауға мүмкіндік туады. Бұл тұрғыдағы талдаудың өте маңызды саясаттанулық проблема болып табылатындылығы да міне, сондықтан. Өйткені, саяси режимдердің мәні мен мазмұнын түсіну үшін, ең алдымен саяси режим түсінігін ұғыну қажет.
Саяси режим ұғымы батыс еуропалық ғылыми әдебиеттерде XIX-XX ғасырлар тоғысында тарады. Қазіргі кезде бұл ұғым ғылыми, оқу әдебиеттерінде, сондай-ақ ауызекі тілде де кеңінен қолданылады. Бұл саяси өмірлің және тұтас алғанда қоғамдағы саяси жүйенің құбылысы. Осы ұғымға байланысты саяси режимнің жинақталған сипаты бар. Нақ осы режимді талдау адамның билік құрылымдарымен өзара қатынастарындағы оның шын мүмкіндіктері жөнінде барабар пікір айтуға мүмкіндік береді. Тоталитарлық саяси режим мемлекеттің, қоғамдық өмірдің барлық салаларына шексіз бақылау қоюға ұмтылумен, адамның саяси билікке және үстемдік етуші идеологияға толық бағынумен сипатталады. Мемлекет барлық қоғамды және нақты адамды жұтып жібереді. Осыған сәйкес билік, бір адам және басқарушы элита адамдарының санаулы топтары арқылы, әдетте барлық деңгейлерде жабық түрде қалыптасады. Тоталитаризм XXғасырда пайда болған, ол диктатураның ерекше жаңа формасы.
Диктатура(лат.тілінен dictatura-“шексіз билік”) – басқарылатындар тарапынан бақылау қойылмайтын, бір адамның немесе бір жетекші басшылық ететін адамдар тобының басқару тәртібі. Ол ерте пайда болған және өзінің көрінуінің көптеген тарихи формалары бодған. Диктатуралар іштей тұрақсыз болатын режимдер, оларды тек диктатордың еркі ғана нығайтады. Диктатор құқыққа бағынбайды, халықтың алдында есеп бермейді және заңды өзінің мүддесіне қарай өзгертіп отырады. “Тоталитаризм” ұғымы латынның “totalis” деген сөзінен шыққан, бүкіл, тұтас дегенді білдіреді. Оны XX ғасырдың басында айналымға енгізген итальян идеологі Дж.Дженгиле. Бұл түсінік алғаш рет 1925 жылы итальян парламентінде айтылды. Итальян жетекшісі Б.Муссолини оны саяси сөз қорына енгізді. Жаңа саяси режим Б.Муссолини тоталитаризмнің мәнін былайша тұжырымдады: “барлығыда мемлекетте, мемлекеттен тыс ештеңе жоқ, мемлекетке ештеңе қарсы емес.” Кейінірек бұл ұғымды неміс және американ саясаттанушылары қолданды. Ф.Хайектің “Дорога к рабству”(1944), Х.Арендтің “Истоки тоталитаризма”(1951), К.Фридрихтің “Тоталитаризм”(1954), К.Фридрих пен З.Бзежинскидің “Тоталитарная диктатура и автократия”(1956), Р.Аронның “Демократия и тоталитаризм”(1958) атты еңбектерінде бұл құбылыстың тұжырымдамалық жағынан жете зерттелуіне қол жеткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |