Мақсаты: “Әлеуметтану” курсының мақсаты суденттерге әлеуметтік институттардың, құбылыстардың, қазіргі қоғам дамуындағы әлеуметтік мәселелердің мәнін түсінуге, әлеуметтік сананы қалыптастыруға, адамзат дамуының баламалы даму жолдары бар екендігін түсіндіру және әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын түсіндіру, үйрету болып табылады..
Мазмұны: Әлеуметтану – қоғам туралы ілім, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым саласы. Әлеуметтік топтар мен қауымдастықтың өкілі болып табылатын адамдардың өзара байланыстылығын қарастыра отырып, олардың өзара іс-әрекет ету тәртібі, мінез-құлық туралы ілімдер саласын қарастырады. Әлеуметтану курсы қоғамдық-гуманитарлық пәндермен тығыз байланысты. Атап айтар болсақ қоғамдық-гуманитарлық пәндермен «Философия», «Әлеуметтану», «Тарих», «Құқықтану», «Мәдениеттану», «Дінтану», «Эстетика», «Этика» т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
Компетенциялары: Студенттер санасында қазіргі заманғы қоғамтанудың негізін қалыптастыру, болашақ мамандардың саяси-идеологиялық, азаматтық ой-өрісін дамыту, қоғамның саяси- әлеуметтік мәселелер мәнін дұрыс түсінуге және дұрыс шешудің жолдарын таба білуді қалыптастыру. Студенттердің бойындағы патриоттық сезімді қалыптастырумен қатар, қазіргі қоғамда өмір сүру үшін жастарға мәнді нұсқаулар беру.