Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Арыздың жазылу жағдаяттары, құрылымы туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз, мысалмен дәйектеп көрсетіңіз



бет48/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
75. Арыздың жазылу жағдаяттары, құрылымы туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз, мысалмен дәйектеп көрсетіңіз.
Арыз (өтініш, кейде шағым) - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында. Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар адам атына жазылады. Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым турінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазганы, құжат аты, мазмұны, қолы, датасы. Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады. Арыз құрылымы:
құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны).
құжат аты.
негізгі мәтін.
қосымша болса оған сілтеме.
жазылу мерзімі.
Қолы.
арыз мазмұнымен келісушілер қолы.
АРЫЗ
(алименттерді өндіріп алу жөнінде сот бұйрығын шығару туралы)
_________жылы мен азамат Т.А.Ә.____________________________ заңды некеге тұрдым және біздің некеден Т.А.Ә. ________, ____________туған бала /-лар/ бар.
_______ жылы неке бұзылды.
_______________ (борышкердің Т.А.Ә.) – баланың әкесі, мұны баланың туу туралы куәлігінің көшірмесімен растаймын, алайда, борышкер ерікті түрде баланы асыруға материалдық көмек көрсетпейді, ата-ана міндеттерін орындаудан бас тартып отыр. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 138-140-баптарына, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 134-136-баптарына сүйене отырып,
СҰРАЙМЫН:
____________________ (жауапкердің Т.А.Ә., туған күні, айы, жылы, туған жері, жұмыс орны, мекенжайы, ЖСН нөмірі) менің __________________ (талап қоюшының Т.А.Ә., ЖСН, мекенжайы) пайдама табысының барлық түрінің 1/4 мөлшерінде баланың _________________ (Т.А.Ә., туған күні, айы, жылы) кәмелетке толғанша алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығаруды.
Мәлімделген талапты растайтын қоса берілген құжаттардың тізбесі:
1.Арыз көшірмесі;
2. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
3 . Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4. Баланың денсаулығы туралы анықтама;
5. Талап қоюшының жеке куәлігінің көшірмесі;
Арыз беруші: (қолы) (арыз берушінің тегі, аты және әкесінің аты)
Күні _____________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет