188
ұғынады. Сол ұғынылғаннан кейін ғана сезім мен эмоциядан психологиялық қалып-күйлер
туындай бастайды. Демек, тізбек бойынша:
оқырман бір бүтін мағына – «Шах-Әлиді өз көзімен бірнеше рет және қашан көргенін»
түсінді;
оқырман автордың «Шах-Әлиді талай рет», «оның үстіне ат жалын тартып мінген
шағында талай рет көргенін» біртіндеп актуалдағысы келетінін түсінді;
оқырман автор парцелляция арқылы жеткізген бөліктерді оқи отырып, әсер алды және
ол сезім мен эмоция тудырды.
Мәтінді түсіну процесі үнемі тілдің мағыналық және құрылымдық анализінен бөлек,
бағалау мен салыстыруды да қамтиды. Рецепиенттің психологиялық көңіл күйі, қалауы, білім
деңгейі қабылдау және есте сақтау процестерін ұйымдастырады. Мәтінді логика-мағыналық
жағынан ұйымдастыруда пайдаланылған тілдік құралдарды талдау мен оларды байланыстыра
білу маңызды рөл атқарады. Бұл тұрғыда тілдік материалдарды қорыта отырып, рецепиент
өзіндік интерпретация жасайды, сол арқылы мәтінді толық түсінеді. Мысалы: Тек Қанаттың
жері екі есе үлкен. Мараттың жері де әжептәуір.
Он сотық. Бірақ Қанаттың жері одан да үлкен.
Жиырма сотық. Әділдік қайда? Сол әділдікті өз қолымен орнатуға кірісті.
Тікелей кірісті.
Әйтпесе, дайындық жұмыстары өткен, арғы жылдарда басталған болатын. (228. Көкбалақ)
Берілген үзіндіде парцелляциялық құрылымдар көп екенін ескере келе, оларды негізгі
сөйлемінен бөліп алсақ, мүлдем мағынасыз болады:
Он сотық. Жиырма сотық. Тікелей
кірісті. Сол себепті оқырманның, алдымен, тұтас мәтінді оны құрап тұрған бөлшектерін
ескерместен, мағынасын түсініп алу жүзеге асады. Осы кезде автор мен оқырман арасында
тікелей сөйлеу коммуникациясы орнайды.
Көркем мәтінді оқу адамдық қарым-қатынастың мотивациялық сферасына енуді; көркем
мәтін сөйлемдерін ғана емес, тұтас мәтін мағынасына енуді қажет етеді. Айтылым мәніне ену
үшін тілді таңбалар жүйесі ретінде жай ғана білу жеткіліксіз, оны адамдар қарым-
қатынасының құралы мен эмоцияны жеткізудегі тәсіл ретінде меңгерген жөн. Сонымен қатар,
айтылым компоненті болып келетін құралдар жүйесін де білу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: